Үсенов пен вице-министр Өміряев рақымшылықпен босап шықты
0 219

Үсенов пен вице-министр Өміряев рақымшылықпен босап шықты

Апрель 17, 2017, 20:22 0 219 Версия для печати

Қажымұрат Үсенов пен Мүслім Өміряев жемқорлық сипатындағы қылмыстар үшін сотталған болатын, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Новости - Үсенов пен вице-министр Өміряев рақымшылықпен босап шықты 2031518

 

Сыбайлас жемқорлық баптарымен сотталған "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясы құрылыс департаментінің бұрынғы басшысы Қажымұрат Үсенов пен бұрынғы ауыл шаруашылығы вице-министрі Мүслім Өміряев рақымшылықпен босап шықты.

Бұрынғы ауыл шаруашылығы вице-министрі Өміряев пен ұлттық компания департаментінің бұрынғы басшысы Үсеновтің босап шыққаны туралы ақпаратты ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі растап отыр.

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Мүслім Өміряев мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстарда көмек көрсеткені үшін 100 мың АҚШ доллары көлемінде пара алды деген айып бойынша кінәлі деп танылған болатын. Ал Үсенов ұлттық компания қаражатын аса ірі көлемде иеленіп, ысырап ету жолымен 200 миллион теңге ұрлағаны үшін айыпталды.

Marat

Добавить комментарий

 

Последние новости