Ақтөбе. Мүгедекке тігін машинасы тарту етілді
0 1119

Ақтөбе. Мүгедекке тігін машинасы тарту етілді

Март 18, 2013, 14:37 0 1119 Версия для печати

Новости Актобе - Ақтөбе. Мүгедекке тігін машинасы тарту етілді damu_mgorod.kz«Даму» қорының Ақтөбе облыстық аймақтық филиалында «Даму-Көмек» бағдарламасы бойынша 3 топтағы мүгедек Медет ҚАРҒҰЛОВҚА аяқ-киім жөндеу шеберханасына арналған құрал-жабдықтар мен қажетті материалдар сыйға берілді.

Бұл туралы "Мой ГОРОД" порталына «Даму» қорының Ақтөбе облыстық аймақтық филиалының бас менеджері Берік НҰРҒАЛИЕВ хабарлады.

- 30 жастағы Медет ҚАРҒҰЛОВ бала күнінен мүгедек. Өзі естіп-сөйлей алмаған соң оған жұмысқа орналасу өте қиын. Медеттің 3 баласы бар, үлкені 4 сыныпта оқиды, ал қалған екеуі балабақшаға барады. Отбасын асырау үшін мемлекеттен берілетін жәрдемақы жеткіліксіз. Сол себепті ол өз үйінен немесе орынды жалға алып аяқ-киім жөндеу шеберханасын ашуды жоспарлап отыр, - деді Берік НҰРҒАЛИЕВ.

"Даму" қорынан хабарлағандай, бұл мәселемен Медет қордың аймақтық филиалына жолығып, өтініш білдірген болатын. Ол өзінің шеберханасын ашу үшін аяқ-киім тігуге арналған машинка, шаңсорғышы бар тоққайрақ және басқа да құрал-саймандар мен материалдар қажет екендігін анасының көмегімен түсіндіріпті.

- Медет үшін демеушілік көмекті «ПолиВест» ЖШСтің директоры Бауыржан ЖҮСІПОВ жасады, оның өкілі Медетке тігін машинкасын және басқа да қажетті материалдарды табыс етті. Өз кезегінде «Даму» қоры демеушіні арнайы алғыс хатпен марапаттады, - дейді қор өкілі.

Еркін НҰРЖАН

Marat

Добавить комментарий

 

Последние новости