Ақтөбе. Мектеп компьютерлері ауыстырылуы тиіс
0 744

Ақтөбе. Мектеп компьютерлері ауыстырылуы тиіс

Март 20, 2013, 15:31 0 744 Версия для печати


Новости Актобе - Ақтөбе. Мектеп компьютерлері ауыстырылуы тиіс old_comp2_v063.ruОблыс мектептерінде 3 мыңнан астам компьютерді ауыстыру қажеттілігі туындап отыр. Облыстық білім басқармасының мәліметтеріне сүйенсек, мектептердегі 9 мыңнан астам компьютердің 30% ауыстыруды қажет етеді, техниканың 40%-ы - ескі модификациялы.

- Интернет желісіне қосылу жағынан да жағдай мәз емес. Білім беру мекемелері интернет желісіне 100 % қосылған, оның ішінде 74% кең жолақты Интернет желісінде. Бұл 2011 жылғы көрсеткіштен 4,0 % жоғары, - деп хабарлайды білім басқармасынан. - Жалпы білім беретін мектептердің 25%-ы 5-30 килобит/сек жылдамдықтағы желіге қосылған. Аудан әкімдерінің алдына бірнеше рет осы жағдайды жақсарту бойынша міндет қойылды.

Педагогтардың айтуынша, мектептердің материалдық-техникалық базасын нығайтудың қадамдық жоспары әзірленді. 2013 жылдан бастап бұл мәселені «Көркейе бер, туған жер!» акциясы шеңберінде шешу қарастырылып отыр.

Еркін НҰРЖАН

Marat

old_comp

Добавить комментарий


Последние новости