Ақтөбе. Теміржол мекемелерін заңсыз тексеруде
0 680

Ақтөбе. Теміржол мекемелерін заңсыз тексеруде

Март 14, 2013, 13:19 0 680 Версия для печати

Новости Актобе - Ақтөбе. Теміржол мекемелерін заңсыз тексеруде  vokzaal_mgorod«Локомотив сервис орталығы» АҚ - «Қандыағаш локомотив сервис орталығы» филиалы қызметі күнтізбелік жыл ішінде заңсыз түрде екі рет тексерілген. Прокурорлардың пайымынша, бұл ретте «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» заң талаптары өрескел бұзылып отыр. 

Өз кезегінде «Локомотив» АҚ - «Қандыағаш локомотив пайдалану депосы», «Жем локомотив пайдалану депосы» филиалында да екі мәрте заңсыз тексеру болғаны анықталды.
Қандыағаш көлік прокурорының аға көмекшісі Жанболат СИДАЛЕЕВТІҢ хабарлауынша, заңсыз тексеру «құрбандары» 8 (код 71333) 3-63-74, 7-02-62 сенім телефондарына қоңырау шалып, жағдайларын жеткізулеріне болады.
Сонымен қатар, ҚР бас прокуратура жанында «Call-center» сервис орталығы жұмыс жасайды, өз құқықтарын қорғау үшін «115» тегін телефонына немесе www.prokuror.kz, www.115.kz сайттары арқылы хабарласуға болады.

Еркін НҰРЖАН

Marat

Добавить комментарий


Последние новости