Ақтөбенің көлік полицейлері - дода жеңімпазы
0 765

Ақтөбенің көлік полицейлері - дода жеңімпазы

Апрель 02, 2013, 14:53 0 765 Версия для печати

Новости Актобе - Ақтөбенің көлік полицейлері - дода жеңімпазы  vsluh.ru«Динамо» спорт кешенінде қаладағы барлық ішкі істер органдарының мекемелері мен аудандық ішкі істер бөлімдерінің арасында волейболдан жарыс ұйымдастырылды.

Көліктегі ішкі істер департаментінен хабарлағандай, жарысқа барлығы 25 команда қатысты. Командалар екі топқа бөлініп, оның алғашқы шағын тобын қаланың ішкі істер органдарынан барлығы 13 команда құраса, екінші шағын топқа аудандардан келген аудандық ішкі істер бөлімдерінен барлығы 12 команда өз өнерлерін ортаға салды.

- Ақтық мәреде Ақтөбе станциясындағы Ішкі істер желілік басқармасы мен Алға ауданының ішкі істер бөлімінің командалары сайысқа түсті. Нәтижесінде, Ақтөбе станциясындағы ІІЖБ командасы 2:1 есеп қорытындысымен биік тұғырдан көрініп, бас жүлдені жеңіп алды, - деп хабарлайды көлік сақшылары.

Дода қорытындысында жеңіс тұғырына көтерілген командалар кубок, медаль, грамоталармен марапатталды. Мұндай сайыстар жыл сайын өткізіліп тұрмақ.

Еркін НҰРЖАН

Пётр ТРОЦЕНКО

Добавить комментарий


Последние новости