Балық өсірудегі ғылым мен өндірістің бірлестігі 

Июнь 17, 2017, 15:06 821 0

БҚАТУ жанындағы индустриалды балық шаруашылығының тәжірибелік-өнеркәсіптік учаскесі биыл 2 млн. шабақты суға жібермек. Бұл өңір шаруашылықтарымен арадағы келісімге сай іске асуда. Қазір университет ғалымдары кәсіптік негізде тұқы және сазан балықтарын өсіріп, уылдырық алып отыр.

Новости Уральск - Балық өсірудегі ғылым мен өндірістің бірлестігі  riba3

Бір тұқы балығы 300 мыңнан 800 мыңға дейін уылдырық шашады екен. Ал дернәсілдің өміршеңдігі жабық тоғанда 80 пайыз болса, табиғи ортада 20 пайыз. Соның өзі де едәуір сан. Бүгінде университет «Айбек», «Қайрат», «Квант», «Қауметов» сияқты шаруашылықтармен әріптестік қатынас орнатып, тоғандарын шабақпен толтырып отыр. Бұл ретте суға жіберіп қана қоймай, балықтың өсіп өнуі де бақылауға алынады.

- Шабақты суға апарып жіберудің өз технологиясы бар. Мысалы, біздің суымыздың температурасы бөлек болуы мүмкін. Сырттағы судың қызуы басқа болуы мүмкін. Сондықтан оттегісін қараймыз, гидрохимиясын қараймыз. Егер де сәйкес келсе, сол суға балықтарды жіберіміз. Олардың температурасын теңестіру керек. Содан кейін де бақылап, қарап жүреміз. Шабақтардың өміршеңдігін қраймыз. Көзден таса қалдырмаймыз, - дейді  Жәңгір хан атындағы БҚАТУ аға ғылыми қызметкері Артур ТҮМЕНОВ.

Биылға жоспарланған 2 млн. шабақтың 300 мыңы қазірдің өзінде суға жіберілген. Бұған қоса мұнда ғылыми мақсатта бекіре балықтары өсіріледі. Әрі оларға қажет құрама жем әзірленеді. Бұл бағытта университет арнайы патентке де ие болған. Тәжірибелік-өнеркәсіптік учаскедегі балық күтімін ғылыми қызметкерлермен қатар, студенттер де қоса атқаруда. Осылайша олар теорияны тәжірибемен ұштастыруға мүмкіндік алған. Университеттің екінші курс студенті Шынар КҮНДІЛДӘ ол туралы былай дейді:

- Осы ғылыми-зерттеу орталығында практика барысында мен көптеген өзіміздің теориялық білімімізді практикамен ұштастырдық. Тұқы балықтарынан уылдырық алу және әр түрлі азық беру, соларды біз өз көзімізбен көріп, көптеген нәрселерді үйрендік.

БҚАТУ жанындағы индустриалды балық шаруашылығы африкалық жайындарды өсіруді де қолға алды. Қазірдің өзінде бірнеше балық  әкелініп, уылдырық алу жоспарланып отыр.

Елбасының биылғы Жолдауында жоғары оқу орындарының білім сапасына ерекше мән берілгені белгілі. Бұл саалады, әсіресе, ғылым мен өндірістің ұштасуын дамытуға екпін берілді. «Жәңгірхандық» мамандар мен студенттердің бұл жобасы маңызды құжатта айқындалған бағытқа толық сәйкес келеді.

Арман КУРМАНАЛИЕВ

Marat

Балық өсірудегі ғылым мен өндірістің бірлестігі 

Июнь 17, 2017, 15:06 0 821 Версия для печати

Новости партнеров
Загрузка...
Загрузка...

Добавить комментарий

Последние новости