Бір арман, бір үміт

Апрель 23, 2019, 15:40 2155 0

Көп балалы аналарға көрсетілетін көмек ауадай қажет.

Новости Уральск - Бір арман, бір үміт

Ақпан айында «Nur Оtan» партиясының кезекті XVIII съезінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев республикалық бюджет шығындарының 45 пайызы әлеуметтік салаға бағытталатынын, оның үстіне қоса әлеуметтік жағынан аз қамтылған азаматтарға қолдауды күшейту қажет екенін айтқан болатын. Сондай-ақ қоғамда қызу талқыланған, әбден пісіп жетілген проблемалардың бірі - көп балалы аналарға берілетін жәрдемақы мөлшерін нақтылаған еді.

Новости Уральск - Бір арман, бір үміт
«Үкіметке әлеуметтік жағынан аз қамтылған азаматтарды, атап айтқанда, көпбалалы отбасыларды қолдау шараларын кеңейтуді тапсырамын. Аталған көрсеткішті күнкөріс деңгейінің 70 пайызына дейін жеткізуіміз керек. Ал атаулы көмек алып отырған көп балалы отбасылардың әр баласына берілетін жәрдемақыны 21 мың теңгеге дейін өсіруді тапсырамын», - деді сөзін нақтылап Н. Назарбаев - "Осы орайда, бұл жұмыс тез әрі қағазбастылықсыз жүргізілсе екен дейміз. Тұрғындар бір қағазды алу үшін бірнеше кабинетке барып жүгіріп жүрмесін".
Елбасын алаңдатқан мәселе қазір әбден ширығып, пісіп жетілген проблемалардың бірі. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметіне сүйенсек елімізде 230 мыңнан астам көп балалы ана тұрады екен, олардың көпшілігі кедейлік шегінен төмен жағдайда өмір сүреді. Алысқа шықпай-ақ, "Шапағат" қайырымдылық қоры өкілдерімен бірлесіп астана маңындағы елді мекендерде тұратын көп балалы аналардың жағдайымен танысқан едік.
- Бұрындары қорымызға материалдық көмек көрсету туралы сұраныстар айына 3-4 рет келетін. Кейін аптасына 3-4 отбасы жағдайының мүшкіл екенін айтып, көмек сұрайтын болды. Қазір аптасына 7-8 сұраныс түседі, олардың шындыққа жанасатынын тексеру үшін, өз көзімізбен көріп, жағдайымен танысып кетеміз, - деді "Шапағат" халықтық жобасының жетекшісі Нұрдәулет Оразханов.

Новости Уральск - Бір арман, бір үміт

Гүлден
Гүлден 36 жаста. Үш баласы бар: үлкені 6 сыныпта оқиды, кішісі 4 жаста. Жолдасымен ажырасқан, одан алимент алмайды, себебі ол наркодиспансерде емделуде. Гүлденнің мамандығы акушер. Алайда қазір мектепте техникалық қызметкер болып жұмыс істейді. Жалақысы 67 мың теңге. Түске дейін жұмыста, түстен кейін көршілерге тастап кеткен қызына жүгіреді. Жекеменшік жатақханадағы қуықтай бір бөлмені 35 мың теңгеге жалдайды. Шындап келгенде Гүлденнің үйіне келе жатып сүреңсіз көріністі көрем бе деп келе жаттым. Иә, тап-тар бөлме, алайда тап-тұйнақтай. 15 шаршы метр бөлме. Бір бұрыштар тамақ істейтін пеш, одан әрі азық-түлік салатын қорапша, шағын үстел, оған тіркескен тумбада балалардың оқулықтары, бір есігі жұлынған шкафта кітап сөресіндей жинақы киім-кешек, төсек-орын жабдықтары. Бағалы заттары жоқ шағын, жұпыны бөлмеде есесіне мейірім мен қамқорлық тұнып тұр. Қабырғадағы қолдан жасалған сөреде балалардың алған грамоталары, медальдері, марапаттары тұр. Тоғыз жасар ұлы таэквондоға барады. Жаттықтырушы "болашақта үміт күттіретін мықты спортшы болады" деген соң айына 20 мың теңге төлеп спортқа баулып отыр. Қызы сыныптағы үздік оқушы.
- Жақсы оқығаны үшін 2 жыл бұрын Назарбаев лагеріне барып келді, - деді Гүлден мақтанышпен. - Математикадан қалалық олимпиадада үздік атанып, қаладағы интеллектуалды физика-математикалық орталығының грантын ұтып алды. Аптасына үш рет сабағына қатысып тұрады.
Біз сөйлесіп болғанша кішкентай қызы анасының етегіне тығылған күйі тұрды.
- Жатақхана қабырғасынан тыс шыққан емес, танитыны біз бен көрші әйелдер ғана. Бөтен адам көрсе, жатырқайды. Жағдайым келсе балабақшаға беріп, өзім жұмыс істер едім ғой көмек сұрамай, - деп көзіне жас алды.
Мектепте жүріп тапқан 67 мың теңгесін пәтер ақыға, балалардың ас-суы, киім-кешегі, үйірмесіне, оған қоса банктен алған несиеге тартқыштайды. 67 мың теңге жалақысы ай сайын банкке төлейтін 68 мың теңге несие ақысына да жетпейді. Наурыз мерекесіне орай 8 мың теңге сыйақы алыпты.
- Одан да берілмегені жақсы еді. Үш балаға атаулы әлеуметтік көмек алуыма сол 8 мың кедергі болып, табысымыз ең төменгі мөлшерден артық болып шыға келді.
- Мұндай жағдайда несиені қалай алып жүрсіз?
- Балалардың мектепке киетін киімі болмады. Күн суып кеткенде мектепке жібермей отырмаймын ғой. Еріксіз алдым. Демалыс күні балаларды үйде қалдырып, жалданып жұмыс жасаймын. Қолымнан бәрі келеді, үй тазалау, сылау, құрылысқа көмектесу. Арманым балаларымды жеткізу, осылардың адам болғанын көру. Ол үшін бәріне төземін...
"Шапағат"қорының төрайымы Назгүл Мақжан кәсіпкерлерге хабарласып, кіші қызды балабақшаға беру қамын ойластыруда. Гүлденнің үйінен ұзамай, жақсы хабар келді. Бір қалталы жомарт жан ай сайын балабақша ақысын өз мойнына алуды уәде етіп, алғашқы жарнасын шотқа жіберіп үлгерді. Сөйтіп бұл үйде үміт оты тұтанғандай болды...
Алмагүл
Алмагүл 31 жаста. 3 баласы бар: үлкені - 9, кішісі - 4 жаста. Кіші ұлдың сөйлеу қабілеті нашар, психикалық дамуы кешеуілдеген. Кішкентай жертөленің бір бөлмесін 20 мыңға жалдайды. Қыста суық, жазда жауын жауғанда қуыс-қуыстан су тамшылап, көгеріп кетеді. Тар терезесінің өзі жарық. Үй-іші сыз тартып, күндіз қараңғыланып тұр. Балалардың ойында ештеңе жоқ, бір-бірін тартқыштап мәз. Әрине, кішкентай кезде балалардың сұранысы да аз. Бірақ сол сұраныстың өзін табу жалғыз басты анаға ауыр тиеді. Күнкөріс көзі - 54 мың теңге жәрдемақы.
- Жағдайым осылай болады деп ойлады дейсіз бе? Жолдасым дәнекерлеуші болып қызмет ететін. Сәл шыдасақ армандаған болашағымызға жететіндей едік. 2012 жылы күйеуім жол апатынан қайтыс болды. Жетегімде екі балам, кенжеме аяғым ауыр. Көмектесер туған-туыс жоқ. Бастапқыда жолдасымның ағайындары қарайласып тұрды. Бірақ олардың да жағдайы мәз емес-тін. Көмектері ұзаққа созылмады. Жағдайың бір құлдыраса лезде екен. Жарымнан айрылып, жоқтауға да мұрша болмады. Кіші ұлдың денсаулығы сыр берді.

Бэлла Орманбет

Источник https://el.kz/kz/news/sem_ya_/bir_arman__bir_umit

Мы дорожим каждым нашим подписчиком и читателем, поэтому, пожалуйста, внимательно ознакомьтесь с рекомендациями при комментировании.

Город

Бір арман, бір үміт

Апрель 23, 2019, 15:40 0 2155 Версия для печати

Новости партнеров
Загрузка...
Загрузка...
Lentainform-->

Последние новости