Назарбаев Сағынтаев үкіметінен отставкаға кетуді талап етті

Январь 30, 2019, 14:45 1922 0

Нұрсұлтан Назарбаев үкіметтің кеңейтілген отырысында үкімет отставкасын талап етіп, кейін райынан қайтты деп жазады NUR.KZ.

Новости - Назарбаев Сағынтаев үкіметінен отставкаға кетуді талап етті

Фото akorda.kz сайтынан

Президент министрлер кабинетінің жүйелік қателерін көрсетті. Мысалы, қаржы саласында банк құрылады, жұмыс істей бастайды, адамдар ақшаларын салады. Квазигосектор да қаржы салады, ал акционерлер ақшаны ұрлайды.

"Ол үшін түрмеге отырғыза алмаймыз. Бүкіл әлемде солай. Олар қашады, біз қуамыз. Данияр (Ақышев - ұлттық банк төрағасы - ред.) басыңмен жауап бересің. Саған заң ұсындық, дара бақылау комитетін құрмақ болғанмын. Сен:"Жоқ, бақылауда ұстаймын" дегенсің. Енді ұста!", - деді Елбасы.

Президент реттеуші органға банк жұмыс істеп жатқанда қаржының ұрлануына жол бермеуге кеңес берді.

"Көз алдымызда ұрлайды, ал біз қайда қарап отырмыз? Бұл қауқарсыздығымызды көрсетеді. Экономиканы банкротқа ұшырайтын компаниядан тазартпайынша дами алмаймыз. Банктер үнемі сүріне береді. Кімге береді? Банк ақша бермейді. Кімге береді? Неден қорқамыз? Нарықтық мемлекеттерде банкроттық институты кеңінен таралған. Сендер үкімет пен министрлер емес - қорқақтарсыңдар.
Шешім қабылдай алмай, аяқ-қолдарың қалтырайды. Сонда не үшін жұмыс істейсіңдер? Барлық банктерді тазалап беріңдер, сонда үкімет өз міндетін орындады деп есептеймін, сосын отставкаға кетіңдер! Міне сол кезде жұмыс істеген боласыңдар!", - деді Назарбаев.

Бірақ сәлден кейін президент үкіметке дәл қазір отставкаға кетудің қажеті жоқ екенін айтты.

"Кетпеңдер, қалыңдар да жұмыстарыңды аяқтаңдар", - деп мәлімдеді Елбасы.

Город

Назарбаев Сағынтаев үкіметінен отставкаға кетуді талап етті

Январь 30, 2019, 14:45 0 1922 Версия для печати

Новости партнеров
Загрузка...
Загрузка...
Lentainform-->

Добавить комментарий

Последние новости