Орал қаласында әуе десантшыларының мерекесі атап өтілді

Август 03, 2018, 09:22 979 0

Ел тыныштығын күзету жолында небір қиындыққа мойымай, қайтпас қайсар мінез танытқан қанатты гвардияшылар қашан да қарулы күштердің алдыңғы қатарында.

Новости Уральск - Орал қаласында әуе десантшыларының мерекесі атап өтілді

Аталған әскердің тарихы 1930 жылдан бастау алады. Әуе күштерін оқыту барысында екінші тамыз күні Воронеж түбінде он екі жауынгерден тұратын десант бөлімшесі парашютпен жерге түсірілген еді. Сұрапыл соғыс жылдарында қанатты гвардияшылар жанкештілік танытып, қаһармандықтың нақ үлгісін көрсетті. Орал қаласындағы Жеңіс алаңында өткен мерекелік шарада көк тарландары Ауған соғысында қаза тапқан жауынгерлерді еске алды. Оралдық кейуана Фаина Чикибаева - сұм соғыстың қасіретін тартқан жандардың бірі. Өз аяғымен әскерге аттанған ұлы елге табытпен әкелінген.

- Ұлым небәрі жиырма жасында қайтыс болды. Сұрапыл соғыс жүрегіме өшпес жара салды. Енді ешқашан соғыс болмаса екен. Аналар қасірет шекпесе екен деймін. Ұлымның әскердегі достары маған үнемі қол ұшын созып тұрады. Оларға алғысым шексіз, - дейді Фаина Чикибаева.

Әуе десанты атану үшін жауынгерлер көптеген ауыр сынақтардан өтеді. Күрделі, әрі маңызды тапсырмаларды мүлтіксіз орындауға темірдей төзім мен намыс, қырағылық пен ептілік қажет. Жауапты міндетті абыроймен атқарған сардарларға мерекеге орай төсбелгілер мен «Құрмет» грамоталары табысталды.

- Ауған соғысы жылдары әлі көз алдымда. Әуе десанты әскерінде 900-ден астам сарбаз болдық. Ұрыс кезінде десантшылар маңызды рөл атқарды. Ерлік көрсетті. Қанды көйлек жолдастарымның жартысынан көбі қаза тапты, - дейді Орал қаласының ардагер десантшы Владимир Башаев.

Көк түсті берет пен жолақты жейде киген әскерилер, Интернационалды-жауынгерлер ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, батырлар рухына тағзым етті.

- Десантшы болу кез-келгеннің қолынан келе бермейді. Әсіресе, физикалық тұрғыда мықты болуы ең басты шарт. Бой ұзындығы 180 сантиметрден, ал салмақ сексен килограммнан кем болмауы керек. Сонымен қатар, ойдың ұшқырлығын және тез шешім қабылдауды да талап етеді.Батыс Қазақстан облысының әуе-десант әскерінің ардагерлері қоғамының төрағасы Әлібек Сүндетбаев.

Арман КУРМАНАЛИЕВ

Город

Орал қаласында әуе десантшыларының мерекесі атап өтілді

Август 03, 2018, 09:22 0 979 Версия для печати

Новости партнеров
Загрузка...
Загрузка...

Добавить комментарий

Последние новости