Орал қаласында дәстүрлі «Атамекен» ән фестивалі аяқталды

Август 24, 2018, 17:15 1056 0

Ескендір Хасанғалиев, еліне деген шексіз махаббатын өнеріне өзек еткен дарын иесі. Кез-келген мәдени шара композитордың шоқтығы биік туындысы «Атамекенсіз» өтпейді.

Новости Уральск - Орал қаласында дәстүрлі «Атамекен» ән фестивалі аяқталды

Осы әнмен аттас «Атамекен» ән фестивалі биыл Жайық жерінде 10-шы рет өткізіліп отыр. Халықаралық мәртебеге ие болып, жыл өткен сайын қанатын кеңге жайып келе жатырған дәстүрлі ән байқауына қатысуға тілек білдірушілер саны биыл 20-дан асты. Олар екі күн бойы өнерлерін ортаға салып, композитордың өз төрағалық еткен қазылар алқасының сынын өтті. Үздіктер Х.Бөкеева атындағы қазақ драма театрында өткен салтанатты жиында мараптталды.

- Бұрын «Атамекен» фестивалі екі жылда бір рет өтсе, былтырдан бері облыс әкімінің ұсынысымен жылма жыл өтетін дәрежеге жетті. Бұл, өнердің өрісін кеңейтуге бағытталған қадам деп білем. Сондықтан қуанышымды жасырмаймын. Енді өңірдің өнер сүйер қауымымен жиі жүздесетін боламыз, - деді марапаттау рәсімінде композитор Ескендір Хасанғалиев.

Жүлдегерлер мен жеңімпаздарды анықтау оңайға соқпады. Өйткені бәрі де өнерлі, өрлі жастар. Қорытындысында бес адам дипломант атанып, 100 мың теңгеден жүлде алды. Сондай ақ үшінші орын иегерлері 200 мың теңге, екінші дәрежелі диплом алғандар 250 мың теңге, бірінші орынға тұрақтаған шығармышылық топ 500 мың теңге жүлде алды. Бас жүлде және 750 мың теңге көлеміндегі ақшалай сыйлық алматылық Бекзат Абитовқа бұйырды.

- Маэстроның жүзден аса әнін білем. Көпшілігін сахна төрінде шырқап та жүрмін. Ол кісінің туындылары туралы айтқанда, Ұлы Абайдың «құлақтан кіріп, бойды алар» деген сөзі есіме түседі. Расымен композитордың әр әні көңілге қуаныш ұялатады. Сондықтан бас бәйгені қанжығама байлағаным, мен үшін зор мәртебе, - дейді жеңімпаз Бекзат Абитов.

2000-шы жылдан бері ұйымдастырылып келе жатқан ән фестивалі көптеген жас таланттың бағын ашып, қанатын қатайтты. Жүлдегерлерді құттықтаған облыс басшысы өңірде мәдениет пен өнерге әрқашан құрмет пен қолдау көрсетілетінін атап өтті.

- Өнерді сүйген қоғам, мәдениетті қоғам. Біздің елде осыған барлық жағдай жасалып жатыр. Ән фестивалінің біздің өңірде ұйымдастырылуы өте маңызды. «Рухани жаңғыру» бағдарламасындағы бағыттың бірі - туған жерді түлетуге арналған. Бұл шара да жас өнерпаздардың шығармашылығын шыңдай түседі. Бізде өнер мектептері, театрлар бар. Олар өңірдегі өнердің өрісін кеңейтіп отыр. Осындай сахналардан әлемдік деңгейдегі даралар шығады. Фестивальге қатысқан барлық өнерпаздарға алғыс айтам, жүлделерің құтты болсын, - деді облыс әкімі Алтай Көлгінов.

Марапаттау рәсімінен кейін фестиваль қатысушыларының гала концерті ұйымдастырылды. Әр жас өнерпаз өзі таңдаған әнді нақышына келтіре орындап, зал толы халықтың ыстық ықыласына бөленді.

Арман КУРМАНАЛИЕВ

Город

Орал қаласында дәстүрлі «Атамекен» ән фестивалі аяқталды

Август 24, 2018, 17:15 0 1056 Версия для печати

Новости партнеров
Загрузка...
Загрузка...

Добавить комментарий

Последние новости