Орал қаласында кезекті аукцион өткізілді

Июль 11, 2018, 16:07 481 0

 Онда коммерциялық мақсаттағы тоғыз жер үлесінің сегізі саттылып, жаңа иелерін тапты. Аукцион ағылшын әдісі бойынша өтті. Алдымен сауданың талаптары түсіндірілді.

Новости Уральск - Орал қаласында кезекті аукцион өткізілді

- Бес күн ішінде жер бағасының 50 пайыздық құны төленуі тиіс. Соңынан қалған сомасы өтеледі. Саудада жеңгендер үш күннен кейін тиісті құжатқа ие болып, жерін алуға толық мүмкіндігі бар, - дейді Орал қалалық жер қатынастары бөлімінің басшысы арман Бисембалиев.

Саттыққа қойылған жер үлестері қаланың әр аумағында орналасқан. Оларға деген қызығушылық кәсіпкерлер тарапынан жоғары болды. Мәселен аукционға қатысқан 21 бизнес өкілінен барлығы 52 өтініш түсті. Әсіресе Желаев және Зашағандағы екі учаске үшін сауда қызу жүрді. Нәтижесінде олардың әрбірі 17 млн. теңгеден сатылып, иелерін тапты. Бұл жерлерде алдағы уақытта құрылыс қарқын алып, қызмет көрсету орындары бой көтермек. Ал саудаға түскен ең шығын жер үлесі небәрі 2 шаршы метрді құрады. Мұнда жарнама бағаны орын теппек.

- Жер учаскелері 3 жылға жалға берілді. Яғни осы үш жылда сатып алушы жерді мақсатты пайдалануға тиіс. Сауда немесе қызмет көрсету орнын салып, бизнесті жолға қояды. Осы талаптар орындалса ол жер учаскесін кадастрлық бағасы бойынша сатып ала алады. Егер кәсіпкер немесе жеке тұлға осы аралықта жүктелген міндетті орындай алмаса, жер кері мемлекет меншігіне қайтарылады, - дейді Орал қалалық жер қатынастары бөлімінің басшысы арман Бисембалиев.

Бұл биылғы үшінші, ал былтырдан бергі бесінші аукцион. Оларда жалпы құны 100 млн. теңгеден асатын 35 жер учаскесі сатылған. Кейбірі жұмысын бастап та кеткен. Мәселен өткен жылдың мамырында жалға берілген жер үлесінде сауда нысаны бой түзеп, халыққа қызмет көрсетуде.

Естеріңізге сала кетсек, Орал қаласында өткізілген алғашқы аукцион 2017 жылдың мамыр айында өтті. Сонда аукционға Орал қаласына қарасты Деркөл кентіндегі егжей-тегжейлі жоспарлау жобасының 1 және 2-кезеңінен 8 жер телімі ұсынылды. Аукционға барлығы сегіз лот бойынша 14 адам қатысты. Аукцион қорытындысына сәйкес 8 жер теліміне жалға беру құқығы 197 мың теңгеден бастап 1 млн 301 мың теңгеге дейін сатылды. Кәсіпкерлер сатып алған жерлерін Деркөл кентінің жаңа шағынаудандарындағы егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына сәйкес тек өз мақсатына пайдалана алады. Аукцион жер телімдерін жалға беру құқығын сату бойынша ағылшындық әдіспен өткізілді.

Арман КУРМАНАЛИЕВ

Город

Орал қаласында кезекті аукцион өткізілді

Июль 11, 2018, 16:07 0 481 Версия для печати

Новости партнеров
Загрузка...
Загрузка...
Lentainform-->

Добавить комментарий

Последние новости