Орал қаласында «Туған жер» бағдарламасымен тынымбақ құрылысы басталды

Июнь 18, 2018, 18:55 464 0

Жоба құны 40 миллион теңгеден астам. Тынымбақ "Туған жер" бағдарламасын жүзеге асыруға үлес қосып жатырған жеке кәсіпкердің қаражатына салынады.

Новости Уральск - Орал қаласында «Туған жер» бағдарламасымен тынымбақ құрылысы басталды

Орал қаласының қала тұрғындарының сейіл құрып, тынығуына арналған орын Еуразия даңғылы мен Петровский көшесінің қиылысында "Сити центр" ойын-сауық орталығының жанында орналаспақ.

Елбасы «Туған жер» бағдарламасын іске асыруға шенеуніктерді, кәсіпкерлерді, зиялы қауымды, жастарды жұмылдыруды тапсырды. Елге танымал азаматтар мен қалталы кәсіпкерлер өздері туып-өскен мекенінің жағдайын жасап, тұрмысын түзеуге қолдан келгенше атсалысулары қажет. Қазақстан президенті бұл жұмыс жергілікті билік өкілдерінің міндеті екенін көрсетіп берді. Осы орайда қаламызда кәсіпкердің қаражат бөліп, қолдаумен жаңа тынымбақтың құрылысы басталып жатыр.

-"Еуразия даңғылы бойында орналасатын тынымбақта спорт алаңқайы, он төрт отыратын орын, сегіз шатырлы орындық, 26 жарық шамы қойылады және 50 түптен аса емен мен қарағай отырғызылады", - дейді Орал қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің бас маманы Орынбасар Бисенғалиев.

Аялдама алаңындағы өз орнын босатып беріп жатырған кәсіпкер де "Туған жер" бағдарламасына өз үлесін қосып бағуда. Мамандардың айтуынша, қазіргі күні тынымбақ құрылысына қатысты осындай бес жаңа жоба дайын тұрған көрінеді.

-«Жаңа тынымбақтың пайда болуы біз үшін қуанышты жаңалық. Осы жерде балалар алаңының, демалатын орынның болмауын шешуге тырысып жүр едік. Жеке кәсіпкер өз қаражатына салғалы жатырғаны игі іс екен. Осындай жандар бізде көп болса, нұр үстіне нұр болар еді. Жеке кәсіпкерге алғысымыз шексіз, өте қуаныштымыз», - дейді қала тұрғыны Гүлзада Ихсанова.

Мемлекет басшысы қала мен ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында абаттандыру мен көгалдандыру жұмыстарын жүйелі түрде жүргізу жөнінде жергілікті атқарушы билікке тапсырма берген болатын. Елбасының бұл тапсырмасы Батыс Қазақстан облысында да тиісті талапқа сай жүзеге асыруға енді кәсіпкерлер де өз үлестерін қосатын болады.

Арман КУРМАНАЛИЕВ

Город

Орал қаласында «Туған жер» бағдарламасымен тынымбақ құрылысы басталды

Июнь 18, 2018, 18:55 0 464 Версия для печати

Новости партнеров
Загрузка...
Загрузка...
Lentainform-->

Добавить комментарий

Последние новости