Орал қаласында жас сарбаздарды атап өтті

Ноябрь 14, 2017, 14:52 546 0

Облыстық студенттік құрылыс және «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының 2017 жылғы еңбек маусымы аяқталды.Биыл өңірде студенттік құрылыс және «Жасыл ел» еңбек жасақтарының құрамында 1300-ден астам сарбаз еңбек етті.

Новости Уральск - Орал қаласында жас сарбаздарды атап өтті

Салтанатты шарада құттықтау сөз сөйлеген Батыс Қазақстан облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы басшысы Аян Сакошев арнайы аталымдар бойынша студенттерді марапаттады.
Студенттік құрылыс жасақтарының құрамында еңбек еткен Абылай Қонысбаев «Үздік командир», Гүлнара Мырзабаева «Үздік сарбаз» аталымдарымен марапатталып, оларға арнайы статуэтка табысталды. «Үздік жасақ» болып Махамбет Өтемісов атындағы БҚМУ студенттерінен құралған «Барыс» студенттік құрылыс жасағы атанды. Ал «Үздік жұмыс беруші» аталымы «СВ ПЛЮС» құрылыс компаниясына бұйырды.
«Жасыл Ел» жастар еңбек жасақтарының құрамында еңбек еткен сарбаздар арасында «Үздік командир» Айдана Дузбасова, «Үздік сарбаз» Ғимран Тілепов, «Үздік жасақ» «Мәңгілік жасыл ел» жасағы, «Үздік ұйымдастырушы» Оралбек Алибаев атанды.

Сонымен қатар қаланы көгалдандыру жұмысына белсене қатысқан жас сарбаздарға алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табыс етілді.

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ізгі бастамаларының бірі ретінде жастар саясатын жүзеге асыру бағытында өзіндік ықпалын тигізетін студенттік құрылыс және жастар еңбек жасақтары студенттердің жазғы демалыс уақытын тиімді пайдаланып, оларды жұмыспен қамтуда, еліміздің өркендеп дамуына және өлкемізде әсем ғимараттардың бой көтеруіне мол септігін тигізіп отыр. Облысымызда студенттік құрылыс және жастар еңбек жасақтарының штабы жыл санап өркендеп, мәртебелі жетістіктерге қол жеткізіп келеді.
Естеріңізге сала кетсек, 30 маусым күні еңбек маусымының бірінші кезеңі аяқталды. Бірінші кезеңнің қорытындысы бойынша студенттік құрылыс және «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтары сарбаздарының салтанатты шарасы ұйымдастырылды. Шара барысында бірінші кезең бойынша үздік нәтиже көрсеткен жұмысшы жастар басқарма басшысы – Аян Сакошевтің атынан дипломмен және арнайы статуэткалармен марапатталды.

Арман КУРМАНАЛИЕВ

Город

Орал қаласында жас сарбаздарды атап өтті

Ноябрь 14, 2017, 14:52 0 546 Версия для печати

Добавить комментарий

Последние новости