Орал қаласында жазасын өтеушілер арасында сайыс өтті

Декабрь 15, 2017, 18:43 1421 0

Облыстық прокуратура және «Ғасыр» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен РУ-170/2 түзету мекемесінде спорттық шара өтті.

Новости Уральск - Орал қаласында жазасын өтеушілер арасында сайыс өтті

РУ-170/2 түзету мекемесінде жазасын өтеушілерге арналған 80 орындық шағын клуб бар. Мұнда түрлі өнер үйірмелері жұмыс істейді. Мәдени іс-шараларға белсене араласқандар туысқандарымен кездесуге немесе рақымшылыққа ілігіп, мерзімінен бұрын бостандыққа шығуға мүмкіндік алады. Жаңа өмірге бейімделу, жұмысқа орналасу жөніндегі сұрақтарға арнайы мамандар келіп, жауап береді.

- Босап шыққан жағдайда сотталғандарды қоғамға бейімдеу маңызды міндеті. Бұл бағытта Пробация қызметі жұмыспен қамту орталығы және денсаулық сақтау мекемелермен бірлесе жұмыс істеуде. Яғни, жазасын өтеп шыққан жанның жұмыссыз жүріп қалмай еңбекке араласып, міндетті медициналық қызметін алуын қамтимыз дейді, - Түзету мекемесіндегі сотталғандар арасында тәрбие жұмысын жүргізу бөлімінің бастығы Бағылан Ойықбаев.

«Ғасыр» қоғамдық бірлестігінің еріктілері түрлі мерекелік және қайырымдылық шаралар ұйымдастыруда белсенділік танытып жүр. Бүгін түзету мекемесінде гір тасын көтеру, үстел теннисі, арқан тарту және музыкалық аспаптарда ойнаудан сайыстар өтіп, үздіктер анықталды.

- Спорттық шараның мақсаты жазасын өтеушілердің бос уақытын тиімді өткізу. Осылайша жастар жаза басып, жаңылғандардың дұрыс жолға түсуіне ықпал етуді мақсат тұтады. Осы шараны ұйымдастыруға бірнеше оқу орын студенттері атсалысты дейді, - «Ғасыр» жастар қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары Алина Валитова.

Аталған түзету мекемесінде 400-ге жуық жазасын өтеуші бар. Спорттық сайыстарға қатысам деушілердің жасына шектеу қойылмай, бәріне бірдей мүмкіндік берілді. Солардың бірі жетпіс бес жастағы Мұраддин Смағұлов. Қария көппен бірге сахнаға шығып, добырамен ән шырқады.

- Мекемеде спорттық және мәдени шаралар жиі ұйымдастырылады. Бұл сотталғандардың көңіл-күйін көтеріп, бостандыққа шығуға деген талпынысын арттырады. Әрине мұндай шаралардың денсаулығымызды нығайтып, мәдени-рухани танымымыз да кеңейе түсетіні анық дейді, - Мұраддин Смағұлов.

Шара соңында жеңімпаздар мен жүлдегерлерге алғыс хат пен естелік сыйлықтар табысталды.

Арман КУРМАНАЛИЕВ

Город

Орал қаласында жазасын өтеушілер арасында сайыс өтті

Декабрь 15, 2017, 18:43 0 1421 Версия для печати

Новости партнеров
Загрузка...
Загрузка...
Lentainform-->

Добавить комментарий

Последние новости