Оралда жастардың алғашқы коворкинг орталығы ашылды

Октябрь 30, 2017, 17:36 856 0

Бұл, сан-саладағы жастардың бірлесе жұмыс істеуіне мүмкіндік беретін алаң. Қазірдің өзінде мұнда қыз-қыз қайнаған тірлік. Мәселен, Қазақстан студенттер Альянсы облыстық филиалының өкілдері волонтерлар слетін тыңғылықты ұйымдастырудың қамына кіріскен. Бұл істе жастар коворкинг орталығының техникалық мүмкіндіктерін кеңінен пайдалануда.

Новости Уральск - Оралда жастардың алғашқы коворкинг орталығы ашылды

- Қазіргідегідей мүмкіндіктер бізде болған жоқ. Өте керемет, барлығы ұнап жатыр. Барлығы жастар үшін істелгені көрініп тұр. Түсті компьютерлар, принтерлар, теледидарлар, проекторлар, флипчарт тақталар тегін түрде пайдалануға беріліп, түрлі кездесу, семинар-тренинг өткізуге мүмкіндік жасалған. Тіпті қажет болса қағазды да беріп жатыр дейді, - Қазақстан студенттер Альянсы БҚО филиалының директоры Еркебұлан Орынбасаров.

Орталықтың ашылуына арнайы келген аймақ басшысы Алтай Көлгінов, оның жұмысымен жан-жақты танысты. Мұнда жастар ұйымдары мен көшбасшылары ортақ алаңда жұмыс істеп, жаңа идеяларды жарыққа шығарып, жобаларды жүзеге асырады. Яғни өзара тәжірибе алмасуға, бастамаларын қолдауға жол ашылады. Осы орайда ауыл жастарының белсенділігін арттыруға да мән берілмек.

- Осы коворкинг орталыққа аудандағы жастарды да кеңінен тартайық. Немесе осы жерде жақсылап тәжірибе жинап алып, ауыл-аймаққа шығуларыңызға болады. Жалпы шығармашылық жұмыспен қатар, жастар өзекті мәселелерді талқылау керек. Мүмкін біздің назарымыздан тыс қалған түйткілдер болар. Осылайша қоғамдық жұмысқа белсене аралсқаны жөн дейді, - Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгінов.

Орталықтың өз телевидениесі де жұмыс істейді. Оның өкілдері әлеуметтік желілер арқылы жастар жаңалықтарын жариялап, ІТ бағдарламалау, режиссура, бейнемонтаж бойынша шеберлік сыныптарын өткізеді. Сондай ақ «Рухани жаңғыру» кабинеті де жасақталған. Мұнда «Елім менің» жастар коалициясы аталмыш бағдарламаға қатысты жобаларды қабылдап, қолдау тетіктерін қарастырады.

- Қазіргі таңда «Елім менің» коалициясының үш жобаны қолға алынып отыр. Бірінші «Еліме саяхат» жобасы. Ол тарихи танымды арттыруға бағытталған. Оның мақсаты жастарды облыс пен еліміздің көрікті жерлерімен таныстыру. Екінші, «Елім менің» веб сайты іске қосалады. Аталған порталда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша жасалап жатқан жұмыстар мен жобалар қалың көпшілікке ұсынылады. Әсіресе жастардың жұмысын көрсетуге маңыз беріп отырмыз. Үшінші жоба, «Туған өлкем» фотосурет көрмесі дейді, - «Елім менің» коалициясының мүшесі Нұрғали Жолдасқалиев.

Аталған үш жобаға облыс әкімі оң бағасын берді. Бұл іске жастарды әлі де кеңінен тартуды тапсырды. Жастар - қоғамның қозғаушы күші. Сондықтан олар «Рухани жаңғыру» және өзге де стартегиялық бағдарламаларды жүзеге асырудан тыс қалмау керек. Бұл бағытта тың тәсілдерді пайдаланып, озық тәжірибелерді үйренген абзал.

- Басқа өңірлермен де тығыз байланыс орнатып, тәжірибесін пайдаланған дұрыс. Сіздер жіберейік немесе оларды шақыртайық. Бастысы белсенділік қажет. Істеліп жатқан жұмыстарыңды толық қолдаймыз. Мына коворкинг орталығының ашылуы да сондықтан. Яғни осында бас қосып өз ойларыңмен бөлісіп, жобаларыңды ұсыну. Өйткені жастардың пікірі бізге аса маңызды. Әсіресе Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыруға ел ертеңі деген жастарымыз білек сыбана кіріскені жөн деді, - жас буын өкілдерімен болған емен-жарқын жүздесуде өңір басшысы Алтай Көлгінов.

Ковркинг орталыққа келген әрбір жас әкімшілікке тіркелгеннен кейін, интернет желісі мен материалдық-техникалық базаны тегін пайдалануға мүмкіндік алады.

Арман КУРМАНАЛИЕВ

Город

Оралда жастардың алғашқы коворкинг орталығы ашылды

Октябрь 30, 2017, 17:36 0 856 Версия для печати

Добавить комментарий

Последние новости