Оралда жедел сатыларды ауыстыруға 125 млн. бөлінді

Октябрь 20, 2018, 14:58 203 0

Бұл жөнінде тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімі хабарлады. Аталмыш жұмыстар "Тұрғын үйді жаңғырту"  мемлекеттік бағдарламасы бойынша атқарылмақ. Бөлінген қаражатқа 4 жедел саты ауыстырылады. 

Новости Уральск - Оралда жедел сатыларды ауыстыруға 125 млн. бөлінді

Құрманғазы көшесі 112 мекен-жайындағы 9 қабатты тұрғын үйде жедел саты істен шыққанына 1 айдай уақыт болған. Тұрғындар ең жоғары қабатқа да жаяу баспалдақпен көтерілуге мәжбүр. Былтыр жедел сатының өндіруші зауыттан шыққан қызмет көрсету мерзімі аяқталып, техникалық тексеруден соң бір жылға жұмысын ұзартқан. Жыл сайын адам көтеруге арналған құрылғы күтімді қажет етеді.

-«Жедел сатының жұмыс жасамайтыны қиын болды. Әсіресе мен сияқты қарияларға ауыр. Қызмет көрсету мерзімі біткенше жедел сатыны күтіп ұстадық. Уақытылы жөндеп тұрдық. Ал енді шарасызбыз»,-дейді үй тұрғыны Петр Макаров.

Бұл үй  "Чайка"  пәтер иелері кооперативінің иелігіне қарайды. Қызметкерлер көршілес үйдегі жедел саты тұрғын үйді жаңғырту бағдарламасы бойынша жаңаланғанын және жоба құны қазіргіден арзанға түскенін айтады.

-«Осы маңдағы көршілес үйде 2015 жылы «Тұрғын үйді жаңғырту» бағдарламасы бойынша жөндеу жасалды. Тұрғындардың барлығы келісті. Бағасы 8,5 млн. теңгеге шықты. Ай сайын шамамен 1000-1300 теңгеден төлеп отырады. Ал қазір жөнделетін үйге жұмсалатын қаражат 10 млн. теңгеге жуық болып тұр»,-дейді "Чайка" ПИК төрайымы Любовь Горбунова.

Облыс орталығында тағы 10 нысанның жобалық-сметалық құжаттамасы жасақталыпты. Оның ішінде 7 жедел саты мен 3 ғимараттың шатырын жаңалау қарастырылған. Мердігер мекеме келісім шарт бойынша жедел сатынын ауыстыруға бір жарым айдай уақыт жұмсалмағын атап өтті.

-«Біздер қазір жедел сатының кабинасын алып келіп жатырмыз. Бір жұмадай уақытта жұмыста аяқтауды жоспарлаудамыз»,-деген мердігер кәсіпорын инженері  Александр Цагельников құрылғыға белгілі бір мерзімде кепілдік барын атап өтті.

Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің хабарлауынша, мемлекеттік бағдарлама іске қосылған мезеттен 94 тұрғын үй жөндеуден өткен.

-«Биыл бірнеше үй жаңғыртылады, Оның ішінде жедел сатысын ауыстыру, шатырларын жөндеу жобалары бар. 4 мекен-жай бойынша тұрғын үйдің жедел сатыларын алмастыратын боламыз»,-дейді тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің бас маманы Жұбан Жұмағалиев.

Арман КУРМАНАЛИЕВ

Город

Оралда жедел сатыларды ауыстыруға 125 млн. бөлінді

Октябрь 20, 2018, 14:58 0 203 Версия для печати

Новости партнеров
Загрузка...
Загрузка...

Добавить комментарий

Последние новости