2024 жылы БҚО-ға 11 мың шетелдік саяхаттап келген
2024 жылы Батыс Қазақстан облысына 172,3 мың адам саяхаттап келген. Оның 11 мыңнан астамы шетелдік екен.
Қазіргі таңда туризм саласы — елдің экономикасын байытып, халықтың тұрмыс-тіршілігін жақсартуға арналған жақсы құрал. Туристердің түрі көп. Бірі-жаңа ел көрем, тұмса табиғатын тамашалап, тұрғылықты халықтың салт-дәстүрін танысам деген жандар. Енді бірі- теңіз жағасында қыздырынып, суға шомылып, бес жұлдызды қонақүйдің мейманы болуды таңдайды.
Туристер саяхаттау үшін бар тапқан таянғанын жұмсауға әзір. Сол үшін әлем елдері шетелдік меймандарды көптеп тарту үшін аянбайды. Жаңа ғимарат, сәнді қонақүй, дәмді мейрамхана, көңіл көтеретін орындар мен тарихи экскурсиялар көп.
Еліміз де бұл үрдістен қалыс қалған емес. Десек те, әлі атқарылатын жұмыс өте көп. Ең алдымен жібір түзу жол керек. Кейін, мейрамдарды орналастыратын заман талабына сай қонақүйлердің де санын көбейту қажет. Қолжетімді инфрақұрылым мен қауіпсіздік мәселесі де назардан тыс қалмауы шарт.
Өткен жылы Батыс Қазақстан облысына 172 мың адам табан тірепті. Бұл туралы облыстық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы хабарлады. Сала мамандары Ақжайық өлкесіне келгендердің дені қазақстандықтар екенін айтады. Келушілердің 11 мыңы шетелдік екен. Меймандардың дені көрші Ресей Федерациясынан келген.
6502 ресейліктің Оралға табаны тиіпті. Осы тізімді Италиядан келген 932 адам жалғап тұр. Ал үштікті Қытай Халық Республикасы түйіндейді. 380 азамат Қытайдан Оралға қыдырып келіпті. Облысқа Өзбекстан мен Үндістаннан келген меймандар да саяхаттаған.
Бүгінгі таңда Батыс Қазақстан облысында саяхатшыларды орналастыратын 94 орын, 2520 бөлме бар. Күні бүгінге дейін 4,9 миллирад теңгеге қызмет көрсетілді. Қонақүйлердің толтырылуы 22,7% құрады,- дейді сала мамандары.
Биыл келушілердің санын 180 мыңға жеткізу жоспарланып отыр.