Ана сүті: бала мен ана денсаулығына тигізер пайдасы

Ана сүті: бала мен ана денсаулығына тигізер пайдасы
Ана сүтімен қоректендірудің пайдасын ШЖҚ «Облыстық перинаталдық орталығы» нәрестелер бөлімшесінің аға медбикесі А.Х. атап айтты. Ана сүті – жарық дүниеге келген сәби үшін теңдессіз қорек. Ананың ақ сүті өзінің сапалы және пайдалылығымен басқа тағамдардан жоғары тұрады. Оны сіңіру жеңіл және баланың ағзасына толық үйлестірілген. Оның құрамында тап сол нәресте үшін арнап даярланған азықтар мен жұқпалы аурулардан қорғайтын заттар бар. Ана нәрестесін емізіп отырған сәтте сондай бір ләззатқа бөленеді, әсіресе мейірленіп, құмарланып емізген уақытта бойынан бір тоқ жүргендей болып, ата бабамыз айтқандай алпыс екі тамыры ииді. Сондықтан да ана мен бала арасында тығыз байланыс орнап ана сүтін емген нәресте мейірімді болып өседі. Егер нәрестені ірі қара сүтімен не болмаса сүт қоспасымен тамақтандыратын болса, баламен бір жерге барудың өзі қиынға соғады. Себебі сүтті бірге алып жүру керек, сүт қоспасын даярлау үшін жаңадан қайнатылған су керек. Жалпы адамдар «емізудің несі қиын сол үшін де білімнің, ақыл-кеңестің қажеті қанша?» деп ойлауы мүмкін. Ол қате түсінік, бала емізудің өзіндік қиыншылықтары да бар. Ана сүтінің бала үшін пайдасы: •Ана сүті бала үшін тойымды, өте сапалы тағам. •Уыз сүті жұқпалы ауруларға қарсы алғашқы екпе (вакцинация) қызметін атқарады. •Уыз сүтінің іш айдау қасиеті бар сол себепті меконийді айдап, ішек тазалануына, сарғаюдың болмауына ықпал етеді. •Ана сүті баланың ауруға қарсы күрес қабілетін күшейтеді. Емшек еметін бала тыныс алу ағзаларының ауруымен, асқазан – ішек жұқпаларымен сирек ауырады, ауырған жағдайда да жеңіл, асқынусыз өтеді. •Ана сүтінде дәрумендердің жеткілікті мөлшерінің болуы баланың өсіп жетілуіне оң ықпалын тигізеді. А дәруменінің көп болуы көз ауруымен, жұқпалы аурулардан қорғайды. •Жалпы ағза сезімталдығының яғни аллергияның алдын алады. •Ана сүті арқылы берілетін темір нәресте ағзасында жақсы сіңетіндіктен анемияның алдын алады. •Баланың жүйке жүйесін, ақыл – ойын жақсы қалыптастырады. •Бала анаға өте жақын болып, бауыр басып өседі. Емізудің ана денсаулығына тигізер пайдасы: •Туған бетте емізу кезінде ана ағзасында окситоцин гормоны бөлініп, ол жатырдың жиырылуына әсер етеді. Нәтижесінде туғаннан кейінгі қан кетудің алдын алады. Сондықтан туа сала емшекке салу өте пайдалы. •Аналық бездің, жатырдың және емшектің қатерлі ісікпен ауруының қаупі азаяды. •Жиі емізгенде контрацепциялық қасиеті бар, яғни етеккір тоқтап бала туу аралығы сирейді. •Ана мен бала арасындағы жіпсіз байланыс бекем болады, балаға мейірімділік ана сүтімен беріледі. Емізудің жанұя үшін пайдасы: •Емізулі ананың күнделікті ішетін тамағы баланы тамақтандыруға пайдаланатын жасанды сүт қоспаларынан анағұрлым арзан. •Сүт қоспаларын даярлап беруге жұмсалатын уақыты үнемделеді. •Ананың да баланың да дені сау болып, дәрі сатып алуға қажетті қаражаты, дәрігерге көрінуге кететін уақыты үнемделеді. •Емізу кезінде етеккір тоқтағандықтан әйел адам жүкті болмайды да жанұяны жоспарлауға, бала туу аралығын реттеуге мүмкіндік туады. Медициналық көрсетілімдердің шектеулі саны ғана кейбір балалардың рационына ана сүтіне қосымша немесе оның орнына қосымша сұйықтық немесе тамақ енгізуді талап етуі мүмкін. Ана сүтімен қоректендірудегі мәселелер Ана сүтімен қоректендіргенде пайда болатын мәселелер жас (алғаш босанған) аналарда кең таралған. Көптеген мәселелердің алдын алуға немесе шешуге болады. Егер сізде емізгенде мәселелер болса, ана сүтімен қоректендіруге маманданған дәрігерден кеңес алу қажет. Баланы емізу (ана сүтімен қоректендіру) ана мен бала үшін жақсы тәжірибе. Емшек ұшының ауырсынуы Баланы емізе бастаған алғашқы күндері немесе апталарда жайсыздық сезімі болады. Кейбір емізетін аналар емшек ұшының ауырсынуын ашу, қышу немесе күйдіру сезімі секілді сипаттайды. Жайсыздық, әдетте, біраз уақыттан кейін өтеді. Емшек ұштарының ауырсынуы көптеген себептерге байланысты: • емізу техникасының дұрыс еместігі • баланың емізуде дұрыс орналаспауы • емшек ұшына дұрыс күтім жасалмауы. Сүт безінің қатаюы немесе емшектің толуы Сүт бездерінің қатаюы – босанғаннан кейін бірнеше күн өткенде емшекте қан мен сүттің баяу толуының, сүт түзілгендігінің белгісі. Баланы емізуге кедергі емес. Сүт бездерінің қатаюы емшекте орналасқан қантамырларының бітелуі нәтижесінде пайда болады. Емшек ісініп, тығыз болады, ауырсынады. Емшек ұштары дұрыс сыртқа шығып тұрмайды, бұл баланың емшекті дұрыс емуіне кедергі келтіреді. Сүттің рефлекторлық келуі және окситоцин рефлексі – емізу кезіндегі табиғи үрдіс. Түзілген сүт бездердің түтіктеріне келеді. Ауырсыну, ширығу, мазасыздану бұл үрдістің дамуына кедергі келтіруі мүмкін. Балаға сүттің қажеттілігі анасында сүттің түзілуіне пропорционал. Жиі емізу, жақсы демалу, дұрыс тамақтану және сұйықтықты жеткілікті тұтыну сүттің түзілуіне ықпал етеді. Баланың бойы мен салмағын өлшеу - оның сүтті жеткілікті тұтынуына көз жеткізудің жақсы тәсілі. Баланың сүтті жеткілікті тұтынуы туралы дәрігерден сұраңыз. Сүттің тығындалуы Сүттың тығындалуы мүмкін (емшекте сүттің іркілуі). Бұл орын алуы мүмкін, егер бала нашар қоректенсе, анасы емізуді жіберіп алса (емшектен айыруда), немесе анасы тым тар емшекқап киетін болса. Сүттің тығындалуының белгілері (емшекте сүттің іркілуі): ауырсыну, температураның артуы, емшектің белгілі бір тұсында қызару немесе емшек терісінің астында түйін болуын сезіну. Түтік ашылғанда емшек ұшында кішкентай ақ нүкте көрінеді. Ауыратын тұсты уқалау және абайлап басу тығындалуды жоюға көмектеседі. Сүт безінің инфекциясы Емшектің инфекциясы (мастит) бұлшық етінде ауырсынуды, қызбаны, қызаруды, сүт безінің сезімталдығын туындатады, көбінесе, бір жағында. Бұл симптомдар пайда болса, дәрігерге көрініңіз. Қорытындылай келе айтарым, табиғаттың берген сыйынан нәрестемізді айырмайық. Ана сүті ол нәресте тамағы ішіндегі «алтын таңба» екендігін естен шығармайық. Болашақ ұрпақты туғаннан бастап мейірімділікке баулу үшін тек емшек сүтімен тамақтандырайық. Новости Компаний Мы дорожим каждым нашим подписчиком и читателем, поэтому, пожалуйста, внимательно ознакомьтесь с рекомендациями при комментировании.