8 часов назад
Ақтөбеде ірі көлемде ақша жымқырған алаяқ сотталды
Ақтөбеде ірі көлемде азаматтардың ақшасын жымқырған алаяқ сотталды.
Ақтөбеде ірі көлемде алаяқтық жасаған тұрғын сотталды. Ол алты жыл бас бостандығынан айырылып, үш жылдай коммерциялық мекемені басқара алмайды. Бұл туралы Ақтөбе қалалық №2 сотының баспасөз қызметі хабарлады.
Сотталушы 2018-2020 жылдары «Тұрғын үй-құрылыс» кооперативінің төрағасы болып, үлескерлердің сеніміне кіріп, 421 955 004 теңге көлемінде бөтен мүлікті аса ірі мөлшерде жымқырған.
Кооператив төрағасы сотта кінәсін мойындап, прокурормен процестік келісім жасасқан. 75 азаматтық талап қоюшының материалдық залалды өндіру туралы талап қою құқығы танылып, оның мөлшерін азаматтық іс жүргізу тәртібімен сот қарауына беру шешілді. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Фото: pexels.com