31 октября 2022
Бүгін біз 9 жасар Азиздің жетістігімен бөлісеміз
Азиздің диаг-нозы Психикалық процестерінің дамуының тежелуі, сөйлеу тілінің жалпы дамымауы, анықталмаған ақыл-ой ой кемістігі және аутизм. Азиз 9 жаста болғанымен, мектепке де, арнайы оқыту орталықтарына да бармайды. Себебі, Азиздің диагнозымен мектепке не инклюзивті сыныпқа, не үйден оқуға қабылданбаған. Азизді біз «Монтессори» түзету-дамыту, оңалту орталығына қабылдадық.
M3gPiatEK6A
Ол мұнда жаз айларынан бастап келе бастаған.
Орталық басшысы Ләйлә Сұлтанбаеваның айтуынша балада қоғамға бейімделу, күнделікті тұрмыс-тіршілікте жасалатын іс-әрекеттерді орындауында оң өзгерістер бар. Мәселен, алғаш келгенде бала өз әлемінде өзімен өзі жүретін, басқа балаларға қосыла алмайтын болса, бүгінде топпен бірге оқып, ойнап, жазып-сызуды да үйренген. Сондай-ақ, жеке гигиеналық ережелерді де өзі орындай алатын болды.
Орталық жұмысынан кейінгі оң өзгерістерді тек басшы емес, сондай-ақ, ата-аналар да байқаған. Олар балаларының бойындағы жақсы өзгерістерді көріп, қуанады.
«Монтессори» орталығы 2022 жылдың сәуір айынан бастап “Теңізшевройл” компаниясының Әлеуметтік инвестициялар бағдарламасы аясында ашылып, көмекке мұқтаж ерекше балаларға қызмет етіп отыр. Бүгінде орталық оңалту мен сауықтыруды қажет ететін 200 баланы қамтып отыр. Оңалту-сауықтыру орталығы 2 бағытта жұмыс жасайды. Олар: түзету-дамыту және оңалту бағыты. Түзету-дамыту бағыты бойынша 140, ал оңалту бағытында 40 бала. Оларға қызмет тегін көрсетіледі. Ал қажеттіліктерді «Теңізшевройл» компаниясы қаржыландырып отыр.
Новости Компаний
Мы дорожим каждым нашим подписчиком и читателем, поэтому, пожалуйста, внимательно ознакомьтесь с рекомендациями при комментировании.