14 августа 2020

Бөрлі ауданына "Адалдық алаңы" республикалық жобалық кеңсесінің басшысы іс-сапармен келді 

Бүгін Бөрлі ауданында Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жанындағы "Адалдық алаңы" республикалық жобалық кеңсесінің басшысы Төлеген Байғұлов пен Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің БҚО бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Нұрдәулет Сәмет жұмыс сапарымен келді. Төлеген Байғұлов Ақсай қаласы әкімдігіндегі "Қолжетімді әкімдік" жобасының жұмысымен танысты. Ол келушілер үшін қолайлы жағдайларды ұйымдастыруға қатысты ескертулер жасады. Аудан, қала әкімдігі өкілдерінің және жауапты мердігерлермен бірге ауданға келген мейман 5 шағын аудандағы абаттандыру жұмыстары мен аллеяны аралап көрді. Одан соң Ақсай шаһарындағы көп қабатты үйлердің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасы аясында шатырлары жөнделген баспаналарды көрді. Тексеру барысында Төлеген Байғұлов 4 шағын аудандағы 5 және 6 үйлердің тұрғындарымен тілдесті. Сондай-ақ, ол жол құрылысы жүргізіліп жатқан көшелердегі жұмыстардың сапасын тексерді. Оның ішінде қаланың оңтүстік бөлігінде және Құрылыс-4 көшелеріндегі жолдарды бақылады. 10 шағын аудандағы 29 үйдің тұрғындарының шағымын тыңдады. Сондай-ақ, агенттік өкілдері жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталыққа барды. Жұмыс сапары Бөрлі ауылында аяқталды. "Қолжетімді әкімдік" жұмысы тексеріліп, ауылдағы денешынықтыру сауықтыру кешенін қаралды. Арман КУРМАНАЛИЕВ Мы дорожим каждым нашим подписчиком и читателем, поэтому, пожалуйста, внимательно ознакомьтесь с рекомендациями при комментировании.