17 августа 2020

Бөрлі ауданында тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау жүргізіліп жатыр

Бөрлі ауданында мониторингтік топтар ағымдағы жылдың наурыз айында құрылды. Ақсай қаласындағы топ құрамына аудан, қала әкімдіктерінің, тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының, прокуратура мен полицияның өкілдері кіреді. Күн сайынғы жүргізілген мониторинг аясында тәртіп бұзушылықтар анықталған кезде хаттама жасалады. Жұмыс басынан бері 840 нысан тексеріліп, 244 тәртіп бұзушылық тіркелді, 54 хаттама толтырылды. Сондай-ақ бұл жұмыстарды ауылдық округтерде жүргізу мақсатында мониторингтік топтар құрылды. Округ әкімдері қоғамдық келісім өкілдерімен бірлесіп жергілікті кәсіпкерлерге түсіндіру шараларын жүргізіп, санитарлық қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауды талап етуде. Арман КУРМАНАЛИЕВ Мы дорожим каждым нашим подписчиком и читателем, поэтому, пожалуйста, внимательно ознакомьтесь с рекомендациями при комментировании.