"Басқа проблемалар жетеді": Тоқаев Қазақстан атауын өзгерту жайлы ойын айтты

Парламент сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының атуын Қазақ Республикасы деп өзгертуге қатысты пікірін білдірді деп хабарлайды NUR.KZ. Фото holanews.kz сайтынан алынған "Бізде "Қазақстан"сөзі бар ғой. Бізге бұл жеткілікті. Не үшін керек? Ел атауы Қазақстан Республикасы болып қалу керек" , - деді Тоқаев. Сондай-ақ, спикер мемлекет басшысымен Қазақстан Республикасы атынан көптеген халықаралық келісімшарттарға қол қойылғанын алға тартты. "Қазақстанның атауын өзгертуге еш негіз де, себеп те жоқ. Басқа проблемалар жетеді" , - деді сенат төрағасы. Айта кетейік, бұған дейін Азат Перуашев премьер-министрге Қазақстанның атауын Қазақ Республикасы етіп өзгертуді ұсынған болатын.