08 ноября 2023
Батыс Қазақстан облысының үздік имамын таңдауға ат салысыңыз!
"Qubyla.media" платформасында 2023 жылдың Имамдар арасындағы жыл үздігін анықтау сауалнамасы ашық деп жариялаймыз.
Еске сала кетер болсақ, 2022 жылдың "Жыл үздігі" атанған "Әр-Рахман" мешітінің азаншысы, имам Асхат Асылбеков жеңімпаз атанып, демеушілердің қолдауымен Умра қажылығына жолдама алған болатын.
Осы жолы былтырға қарағанда өзгешеліктер бар. Енді аудан және ауыл имамдары да қамтылатын болады.
Оған қоса, осы жолы бір адам әрбір категория бойынша бір ғана дауыс бере алады.
Барлығы әділ өтуіне мүдделіміз. Баршаңызды белсенді қатысуға шақырамыз. Сонымен қоса басқа да әлеуметтік желілерде таратылуына үлес қосуларыңызды сұраймыз.
Жылдың «Үздік имамын» анықтау үшін төмендегі сілтеме бойынша өтуіңіз сұралады.
http://simpoll.ru/run/survey/8e606988
На правах рекламы