БҚО-да 20 келіге жуық есірткі тәркіленді

Тәркіленген есірткі заттарының 16 келі, 916 грамы марихуана, синтетикалық есірткінің салмағы 851,45 граммды құрайды.

БҚО ПД видеосынан стоп-кадр

Батыс Қазақтан облысында 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында 131 есірткі қылмысы бойынша құқық бұзушылық тіркелген. Оның 46 қылмыс, қалғаны қылмыстық теріс қылық көрінеді. Бұл туралы облыстық полиция департаменті хабарлады. Биыл облыста 19 килограмм, 822 грамм есірткі тәркіленіпті. Тәртіп сақшыларының сөзіне сенсек, тәркіленген есірткінің 16 келіден астамы -марихуана.

Осы жылдың бірінші маусымынан бастап облыс аумағында «Қарасора-2025» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде. Іс-шара барысында 24 құқық бұзушылық анықталыпты. Оның тоғызы- қылмыс. Оның төртеуі сату, төрт факт -өсіру, бір-контрабанда, бір -психотроптық немесе улы заттармен жұмыс жасау ережелерін бұзу фактісі тіркелген. Жедел-профилактикалық іс-шарада 15 қылмыстық теріс қылық анықталған. Тәртіп сақшылары 192 грамм есірткі затын тәркілепті.

- 537 профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Өткен жылы 402 іс-шара ұйымдастырылды. Оның ішінде дәрістер, кездесулер, рейдтер мен акциялар қамтылған. Графити арқылы есірткі жарнамасы туралы 523 хабарлама түсіп, барлығы жойылды. 732 есірткі жарнамалайтын интернет-ресурстары бұғатталды, - дейді Батыс Қазақстан облысы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Абылайхан Серіков.