22 апреля в 16:15
БҚО-да КПО б.в компаниясы экологияға нормадан тыс залал келтіргені үшін айыппұл арқалады
БҚО-да «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг Б.В.» компаниясы экологияға нормадан тыс залал келтіргені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Батыс Қазақстан облысында «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг Б.В.» компаниясы шамадан тыс қоршаған ортаны ластайтын эмиссия үшін жауапқа тартылды. Бұл туралы бас прокуратура хабарлады. Облыстық мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы компанияның қызметін тексеріп, жалпы көлемі 264 тонна болатын шығындыларды анықтапты.
Экологияға шамадан тыс залал келтірген компания Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасының 328 бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. КПО б.в. компаниясынан жалпы соммасы 739 568 808 теңгені құрайтын айыппұл өндіріліпті.