БҚО-да жол апатынан 4 адам қаза тапты

Қайғылы оқиға 17 шілдеде түскі сағат 15.00-де “Орал-Озинки” тас жолында болған.

Куәгерлердің фотосы

“Орал-Озинки” тас жолында жол апатынан төрт адам қайтыс болды. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. Қайғылы оқиға 17 шілдеде түскі сағат 15.00- де “Орал-Озинки” тас жолының 64- шақырымында Усихино елді мекенінің маңында тіркелген. Сала мамандарының таратқан ақпарына сүйенсек, Chevrolet Avео маркілі көліктің жүргізушісі оңтүстік бағытта келе жатып, алда кетіп бара жатқан КамАЗ жүк көлігін басып озбақ болған сәтте темір тұлпарына ие бола алмай, жүк көлігінің артқы бөлігіне соғылған. Соққының кесірінен жеңіл көлікте өрт тұтанып, жанып кетіпті.

Оқиға орынында Chevrolet автокөлігінің жүргізушісі мен үш жолаушы көз жұмған. 

Қазіргі таңда аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 345- бабы, 4- бөлігі бойынша қылмыстық іс тіркеліпті. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, тиісті сараптамалар тағайындалды. 

Тәртіп сақшылары жол қозғалысын қатаң сақтауға шақырады.