Бөрлі ауданының құрылғанына — 90 жыл!
23 тамызда бөрліліктер ауданның құрылғанын кең көлемде атап өтті.
Бөрлі ауданының тұрғындары 23 тамызда ауданның құрылған күнін кең көлемде атап өтті. Аталмыш аудан Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан. Орталығы-Ақсай қаласы. Қазіргі таңда Бөрлі ауданында 58 мыңға жуық адам өмір сүреді. Бөрліліктерді аудан әкімі Еркебұлан Ихсанов әлеуметтік желідегі парақшасы арқылы құттықтады.
Бөрлі ауданының тұрғындары 23 тамызда ауданның құрылған күнін кең көлемде атап өтті. Аталмыш аудан Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан. Орталығы-Ақсай қаласы. Қазіргі таңда Бөрлі ауданында 58 мыңға жуық адам өмір сүреді. Бөрліліктерді аудан әкімі Еркебұлан Ихсанов әлеуметтік желідегі парақшасы арқылы құттықтады.
— Құрметті жерлестер! Сіздерді Бөрлі ауданының 90 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын! Бұл мереке-туған жерін сүйіп, оның болашағына үлес қосып жүрген барша бөрліліктерді біріктіретін айрықша күн. Берекелі Бөрлі жері-мыңдаған тұрғынның ортақ үйі. Ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық әлеуеті жоғары, мұнай-газ, құрылыс, ауыл шаруашылығы және шағын кәсіпкерлік салалары қарқынды дамып келеді, -делінген Бөрлі ауданының әкімі Еркебұлан Ихсановтың құттықтауында.
Ауданның құрылғанына 90 жыл толуына орай ұйымдастырылған мерекеде Ақсай қаласының солтүстік айналымында «Дала қызықтары» өтті. Шабандоздар бәйгеде бақ сынады. 24 шақырымды құрайтын аламан бәйге мен 15 километр болатын топ бәйге де ұйымдастырылды. Сондай-ақ, Дала қызықтарында тұрғындар қой көтерді, арқан тартысты, гір көтеріп, асық атты. Бұдан бөлек, аударыспақ болып, құралайды көзге атқан мергендер садақ атып, қазақ күресінде түйе палуан мен өгіз палуанды анықтады.
Ал кешкі сағат сегіздерде «Қарашығанақ» спорт кешенінде мерекелік концерт өтті. Оған қазақ эстрадасының танымал жұлдыздары ән салды. Сахна төрінде Дәурен Сейітжанов, Қуандық Рахым, IL`XAM, Әлішер Қонысбаев, Jazzdauren және жергілікті өнерпаздар тұрғындарға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Мерекелік концерт отшашумен аяқталды.
Естеріңізге сала кетейік, жақында Орал қаласында "Мерейлі отбасы-2025" ұлттық байқауының облыстық кезеңінің жеңімпаздары марапатталды. Сайыста бөрлілік Сұінғараевтар жанұясы жеңімпаз деп танылды. Олар республикалық кезеңге жолдама алды.
Оралда «Мерейлі отбасы-2025» ұлттық байқауының облыстық кезеңінің жеңімпаздары марапатталды