11 часов назад

Оралдың тек бір мектебінде стоматологиялық кабинет ашылмақ

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы Оралдың бір мектебінде балалардың тіс саулығын қадағалайтын кабинет ашпақ.

Фото: pixabay.com

2025 жылдың ІV тоқсанында бір мектептің базасында стоматологиялық кабинет ашылмақ. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады. Әзірге бағдарламаның шарапатын оралдық оқушылар көрмей келеді. Әлі күнге дейін облыс орталығында мектептерде стоматологиялық кабинет істемейді.

Елімізде 2024 жылы «Болашаққа — сау тіспен» бағдарламасы іске қосылды. Осы бағдарламаның аясында мектептерде стоматологиялық кабинет ашылуда. Бұл бастама балалардың ауыз қуысы гигиенасын сақтау мәдениетін қалыптастыруға және стоматологиялық аурулардың алдын алуға бағытталған.

— Осы бағдарлама аясында облыс көлемінде 211 іс-шара ұйымдастырылып, 10 013 бала қамтылды. Балалар мен ата-аналарға арналған 8 800 көрнекі парақша таратылып, ауыз қуысы гигиенасын сақтаудың маңызы түсіндірілді. Сонымен қатар дұрыс тамақтану және тез дайындалатын тағамдардан бас тарту тақырыбында 13 540 ақпараттық материал жеткізілді,—  делінген Батыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің хабарламасында.

Фото: pixabay.com