26 февраля 2024

Университет және талапкер: жоғары білім алудың мүмкіндіктері

Университет және талапкер: жоғары білім алудың мүмкіндіктері

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті 1963 жылы Орал қаласында құрылған бай тарихы бар жоғары оқу орны. 2023 жылы университет өзінің маңызды мерейтойы 60 жылдығын атап өтті. Өзінің ондаған жылдар бойғы қызметінде университет осы саладағы жетекші оқу орны ретіндегі ұстанымын мықтап бекітіп қана қоймай, сонымен қатар қазіргі заманғы сын-қатерлермен тиімді күресуге қабілетті білікті мамандардың ұстаханасына айналды.

Бүгінгі таңда университет мықты позицияға ие және елдің батыс аймағының экономикалық және әлеуметтік дамуына сүбелі үлес қосуда. Жәңгір хан университеті кәсіпкерлік ЖОО ретінде танымал, оның қызметі мемлекетпен және аграрлық-техникалық бейіндегі бизнес индустриясының өкілдерімен өзара іс-қимылға негізделген, университетті дамытудың негізгі бағыттары агроөнеркәсіптік кешен саласындағы инновациялық зерттеулер және білім мен ғылымдағы заманауи ақпараттық технологиялар болып табылады. Университеттің академиялық саясаты мен кадрларды даярлау формасы түбегейлі өзгерді. Білім беру бағдарламалары еңбек нарығының талаптары мен қажеттіліктерін ескере отырып әзірленеді. Құрамына жұмыс берушілер кіретін академиялық комитеттер it (айти) және тіл мәдениеті салаларында дайындықты күшейтті, іргелі және базалық пәндерді біріздендіру жүргізіліп, тәжірибеге енгізілді.

Білім беру бағдарламалары бойынша мамандандыру ұйымдастырылып, ерте жұмысқа орналастыру тетігі енгізілді. Қосымша білім беру – бұл практикалық дайындықтың өсуін, еңбек нарығын таңдауды, кәсіпкерліктің өрлеуін, студенттерге бағытталған тәсілді және оқуға құштарлығын арттыруға, түлектерді жұмысқа орналастырудың бірізділігін және қолайлы білім беру бағдарламаларын әзірлеуді қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Білік-дағдыларды ерте бастан игергісі келетін студенттеріміз 3-ші курстан бастап «Бос орындар жәрмеңкесі» арқылы кәсіпорындарға өндірістік практикаға жіберіледі. Нәтижесінде олар өздері таңдаған өндірісте жұмыс жасап, алған білімдерін пайдалана отырып, біліктіліктерін арттырады. Осындай бағдарламалардың арқасында студенттердің білім сапасы, университеттің имиджі мен беделі артуда. Университет құрамында «Экономика, ақпараттық технологиялар және кәсіптік білім беру», «Агротехнология», «Ветеринариялық медицина және мал шаруашылығы», «Индустриалды-технологиялық» және «Политехникалық» салалар бойынша бес институт жұмыс істейді.  Жәңгір хан университеті түлектерін аймақтық, ұлттық және халықаралық еңбек нарығына дайындайды, жүйелі жұмыс пен мансапқа мүмкіндік береді.

Жәңгір хан университеті өзінің 60 жылдық тарихында сан мыңдаған кәсіби маман дайындады. Олардың көпшілігі Батыс Қазақстан облысында және басқа өңірлерде аграрлық-техникалық, экологиялық бағыт бойынша жұмыс істеуде. Біздің табысты түлектеріміз ауыл шаруашылығы және ветеринария саласындағы басшылық лауазымдарда,  аудандар мен ауылдардың әкімдері болып абыройлы қызмет етуде. Сонымен қатар, көптеген түлектеріміз ірі өндірістерде еңбек етіп, көпшілігі алған білімдерінің арқасында мансап сатысында ілгері жылжып, жетекші маман ретінде жоғары лауазымдарға тағайындалады.

Құрылған сәттен бастап БҚАТУ студенттерге таңдаған салалары бойынша білім мен дағдыларды меңгертіп, Қазақстанның дамуына елеулі үлес қосып келеді.

Университеттің дамуындағы маңызды кезеңдердің бірі – 2010 жылдан бүгінгі күнге дейін жалғасып келе жатқан Уфа мемлекеттік мұнай техникалық университетімен арадағы ынтымақтастық. Осы уақыт ішінде университеттер біліктілікті арттыру курстарын сәтті ұйымдастырып, бірлескен практикалық сабақтар өткізді, студенттер мен оқытушылардың академиялық ұтқырлығына ықпал етті, сондай-ақ ғылым мен білім беру саласындағы әріптестік әлеуеттерін арттырды.

2022 жылы ынтымақтастық шеңберінде қосдипломды білім берудің «Табиғи көмірсутектердің кен орындарын игеру және пайдалану» магистратурасы бойынша білім беру бағдарламасы әзірленді. Бағдарлама жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларының тізіліміне енгізілген және мақұлданған.  Сондай-ақ, қос дипломды білім беру бағдарламасына сәйкес студенттердің екі диплом алуға мүмкіндігі бар: Оның бірі – Жәңгір хан университетінің дипломы болса, екіншісі – шетелдік серіктес университеттің дипломы.

Университеттер арасындағы екі жақты меморандумның арқасында Жәңгір хан университетінің базасында Уфа мемлекеттік мұнай техникалық университетінің өкілдігі ашылды. Бұл бастаманың негізгі мақсаты - білім мен тәжірибе алмасуға ықпал ете отырып, интеграцияланған халықаралық ғылыми-білім беру кеңістігін құру арқылы халықаралық байланыстарды кеңейту және нығайту.

Университеттің 17 жоғары және 19 жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары, оның ішінде 14 магистратура және 5 докторантура бағдарламалары бойынша білім беру қызметін жүргізуге лицензиялары бар. Білім беру бағдарламаларының тізілімінде 48 жоғары және 45 жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары тіркелген. Осы білім беру бағдарламаларының барлығы 5 жыл мерзімге толық аккредиттеуден өтті және біздің тәуелсіз рейтингтік агенттіктерден жоғары баға алды.

Студенттер университет қабырғасында жүріп әскери кафедрадан білім алуға мүмкіндіктері бар. Әскери кафедра Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері үшін запастағы офицерлер даярлауда жетекші кафедра болып табылады. Әскери даярлық запастағы офицерлер мен сержанттар бағдарламасы бойынша жүзеге асырылады.

Университет қазақстандық және шетелдік студенттерді, оқытушылар мен ғалымдарды тартуға және тұрақтандыруға ықпал ететін функционалдық оқу және ғылыми ортаны құрды, сонымен қатар бұл жұмыстарды одан әрі дамытуда. Білім алушыларға академиялық тәлімгерлік, мүдделер бойынша қызметті ұйымдастыру, жастар қозғалысына жәрдемдесу және қосымша дағдылар мен құзыреттерді дамыту ұсынылады. Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша білім алушылар шетелдік, соның ішінде Еуропаның үздің жоғары оқу орындарында және жетекші қазақастандық оқу орындарында білімдерін жетілдіруге және тәжірибе алмасуға толық мүмкіндіктері бар.

Алыс аудандар мен көршілес облыстардан келіп оқып жатқан студенттер үшін 3 студенттер үйінде 2100-ден астам жайлы орын қарастырылған. Білім алушылардың тек оқу үрдісімен ғана айналысып қоймай, мәдени-танымдық және спортқа деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында бірнеше спорттық және мәдени үйірмелер, жаңадан пайдалануға берілген «Жәңгір хан спорт кешені» қызмет етеді. «Олимпос» студенттік асханасы білім алушыларға қол жетімді бағамен дәмді тағамдарын ұсынса, «Нива» спорттық сауықтыру кешенінде білім алушылардың бос уақыттарын тиімді ұйымдастыруға толық жағдай жасалған.

Бүгінгі таңда университетте 344 профессор-оқытушы жұмыс істейді, оның ішінде: 12 профессор, 15 ғылым докторы, 25 доцент, 70 ғылым кандидаты, 47 PhD және 400-ге жуық қызметкер бар. Профессор-оқытушылар құрамы үшін біліктілікті арттыру курстары өткізіледі. Білім беру және зерттеу қызметтері нарығында жұмыс істей отырып, университет өзінің ерекше рөлі мен қоғамға әсерін айқындады. Сондықтан академиялық адалдық, әлеуметтік жауапкершілік және әділеттілік принциптерін жоғары бағалайды. Ол үшін идеологияның негізі қаланған негізгі ішкі нормативтік құжаттар қабылданып, негізгі бағдарлар белгіленді. Университет әр студентпен жеке жұмыс жасай отырып, өз кәсібінде заманауи технологияларды қолдана алатын, жан жақты дамыған, еңбек нарығын бағдарлай алатын, оның үнемі өзгеріп отыратын қажеттіліктері мен сұраныстарына уақтылы бейімделе алатын тұлғаны тәрбиелейді. Бұл – Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің түпкі мақсаты болып табылады.

Білім беру бағдарламаларын таңдау, мемлекеттік білім гранты конкурсына қатысу, ақылы негізде немесе қашықтықтан оқыту бойынша сұрақтарыңызды qabylday.bqatu@gmail.com электронды поштасына жолдасаңыз болады. Толығырақ мәлімет алу үшін байланыс телефондары: + 7 7112 50 24 01, 50 21 42, + 7 777 268 00 77, +7 776 912 83 83, +7 771 054 52 54, +7 700 790 17 90. wkau.kz

https://www.instagram.com/bqatu_wkau/

Мемлекеттік лицензия №KZ15LAA00007594 20 қыркүйек 2016 ж.