Қазақстанда биыл 190-ға жуық мал ұрлаған баукеспе ұсталған
Ішкі істер министрлігі соңғы бес жылда мал ұрлығы 64 пайызға азайғанын хабарлады.
Ел аумағында 2025 жылы 190-ға баукеспе ұсталған. Бұл туралы ішкі істер министрлігі хабарлады. Тәртіп сақшыларының сөзіне сенсек, соңғы бес жылда мал ұрлығы 64 пайызға азайыпты. Десек те төрт түлігін баукеспелер айдап, әлі күнге дейін таба алмай жүрген шаруалар жетерлік.
Алматы облысында криминалды полиция қызметкерлері жайылымда жайылып жүрген ірі қара малды ұрлаған қылмыстық топты қолға түсірді. Тәртіп сақшылары заң бұзған үш адамды ұстапты. Осы қылмыстық топ азаматтарға тиесілі отыздан астам зеңгі баба тұқымын ұрлаған. Қылмыс дәлелденіпті. Қолға түскендердің бірі Volkswagen жүк көлігінің жүргізушісі болып жұмыс істеген. Күдіктілер әр екі-үш күн сайын мал ұрлап, оны сойып, етін Алматы қаласының базарларында саудалапты.
Павлодар облысында да полиция қызметкерлері үш адамнан тұратын қылмыстық топты ұстады. Олар 2023 жылғы желтоқсаннан бастап бүгінгі күнге дейін Екібастұз ауданы аумағында жылқыларды ұрлаған. Тергеу барысында күдіктілердің бірі ауыл шаруашылығы серіктестігінде жылқышы болып жұмыс істеп, соңғы екі жыл ішінде 70-тен астам жылқыны ұрлағаны анықталды.
Павлодар облысында мал ұрлығымен айналысқан қылмыстық топ құрықталды. Үш адамнан құралған топ 2023 жылдың желтоқсанынан бастап күні бүгінге дейін Екібастұз ауданы аумағында жылқыларды ұрлаған. Тергеу барысында күдіктілердің бірі ауыл шаруашылығы серіктестігінде жұмыс істеген. Соңғы екі жылда 70-тен астам жылқыны қолды қылыпты.
Ішкі істер министрлігі соңғы бес жылда мал ұрлығы қылмыстарының саны 64%-ға азайғанын хабарлады. Жыл басынан бері 188 мал ұрлығы фактісі бойынша қылмыскерлер ұсталып, 41 қылмыстық топтың әрекеті тоқтатылды. Ұрланған 1134 мал басы заңды иелеріне қайтарылды.
Ішкі істер министрлігі қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтауды ұсынады:
- қораларды бекітіп, малды қараусыз қалдырмау керек;
- асыл тұқымды малды бақылауға алу мақсатында GPS-трекерлерді орнату сияқты заманауи тәсілдерді кеңінен қолдану қажет;
- малды үнемі есепке алып отыру, чиптеу, сырғалау және ен салу керек.