2024 жылы медициналық авиация 536 рет ұшыпты

Өткен жылы медициналық авиация 747 адамға уақытылы көмек көрсеткен.

Денсаулық сақтау министрлігінің фотосы

Өткен жылы елімізде медициналық авиация 536 ұшып, 747 науқасқа дер кезінде көмек көрсеткен. Бұл туралы  Денсаулық сақтау министрлігінің штаттан тыс бас травматологы, Академик Н.Ж. Батпенов атындағы Ұлттық травматология және ортопедия ғылыми орталығының директоры Олжас Бекарисов мәлімдеді. Дәрігердің сөзіне сенсек, түрлі жарақаттары бар ауыр науқастарды облыс орталықтары мен республикалық маңызы бар қалаларға 527 рет тасымалдапты. Шақырту орнында 46 ота жасалған. Замануи технологиялардың арқасында Ұлттық травматология және ортопедия ғылыми орталығының мамандары жеке 183 телемедициналық консультация өткізді.

— Жарақат бойынша жедел жәрдем шақыртуларының жалпы санынан - 741 728, жол-көлік оқиғаларына бригадалардың 47814 немесе 5,5% келеді. Бүгін жедел жәрдем шақырылған сәттен бастап және оқиға орнына дәрігерлер келгенге дейін орта есеппен сегіз минут - қалаларда, тоғыз  минут - ауылдық жерлерде өтеді. Мысал ретінде АҚШ-қа жету уақытын келтіруге болады - қалада жеті минут, ауылда - 7,7-14,5 минут, Германияда - сегіз минут, Канадада – бес-он  минут, Англияда, Италияда-сегіз  минут, Түркияда-он минутты құрайды,- деп Денсаулық сақтау министрлігінің штаттан тыс бас травматологы, Академик Н.Ж. Батпенов атындағы Ұлттық травматология және ортопедия ғылыми орталығының директоры Олжас Бекарисов айтып берді.

Шұғыл көмек көрсету әсіресе «алтын сағат» деп аталатын бірінші кезеңде тиімді екенін есте ұстаған жөн. Егер адам жарақат алғаннан кейінгі алғашқы 60 минуттың ішінде ауруханаға жеткізілсе, бұл олардың өмір сүруінің жоғары деңгейін қамтамасыз етеді және ерте және кеш асқынулардың даму қаупін айтарлықтай төмендетеді деп саналады. Жол көлік оқиғасынан зардап шеккен адамды Қазақстанда «алтын сағат» шеңберінде ең жақын медициналық ұйымға жеткізудің орташа уақыты 35 минутты құрайды.