17 апреля в 16:35

Ақтөбеде мемлекеттік қызметкерлер жұмысын 30 минутқа ерте бастайды

Ақтөбе облысында әкімдік қызметкерлері жаңа жұмыс режиміне көшеді.

Фото "МГ" порталының мұрағатынан

Ақтөбе облысында әкімдік қызметкерлері жұмысын жарты сағатқа ерте бастайды. Бұл туралы облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады. Жаңашылдық 21 сәуірден басталмақ. Жаңа жұмыс кестесі 8.30-нан кешкі 17.30-ға дейін жалғасады. 

Ал түскі үзіліс 12:30-13:30 деп белгіленген. 

— Бұл кесте мемлекеттік қызметшілердің пікірін ескере отырып бекітілген. Ішкі сауалнамаға қатысқан қызметкерлердің 70%-дан астамы жұмыс күнінің ертерек басталуы мен аяқталуының ыңғайлылығын ескере отырып, жұмыс режимінің өзгеруін қолдайтынын көрсетті. Өзгерістер мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін арттыруға және халыққа қызмет көрсетуді жақсартуға бағытталған. 21 сәуірге дейін жұмыс уақыты сағ. 09:00-ден 18:30-ға дейін, түскі үзіліс сағ. 12:30-дан 14:00-ға дейін, — деп Ақтөбе облыстық әкімдігінің баспасөз хабарламасында жазылған.