14 часов назад

Ақтауда судья 9 жылға сотталды

Маңғыстау облысында Ақтау қалалық сотының төрағасы сотталды.

"ЖИ" көмегімен жасалған фото

Ақтауда қалалық соттың төрағасы Шайдуллин мен жеке сот орындаушы Жанахметов сотталды. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі хабарлады. Мұнайлы ауданының соты судья Шайдулинді тоғыз жыл бас бостандығынан айырса, жеке сот орындаушыны сегіз жылға соттады.

Олар сотталушыны бас бостандығынан айыруға байланысты емес жаза тағайындау сылтауымен 18 миллион теңге көлемінде заңсыз сыйақы алу жолымен алаяқтық жасап, пара беруге итермелегені үшін кінәлі деп танылған. Бұдан бөлек, судья мен жеке сот орындаушы өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырылды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.