8 часов назад

Қазақстанда 3 бала терезеден құлап, мерт болды

Қазақстанда 34 бала терезеден құлады.

Фото: pexels.com

Биыл Қазақстанда 34 бала терезеден құлады. Бұл туралы төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады. Құлаған бүлдіршіннің үшеуі қайтыс болыпты. Қалған сәбилер түрлі жарақат алып, ауруханада ем-дом қабылдаған. 

Оқыс оқиғалар Астана, Шымкент қалаларында, сондай-ақ Ақмола, Атырау, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Жамбыл, Маңғыстау, Павлодар, Абай және Ұлытау облысында тіркелген.Қайғылы оқиғаның себеп-салдары көп. Соның бірі — бақылаудың болмауы. Қараусыз қалған балалар терезе алдына шығып, жиһазды тіреуіш ретінде пайдаланып, москит торларына сүйеніп, құлап қалады.

Төтеншеліктер қайғылы оқиғаның алдын алу мына ережелерді ұстануға кеңес береді.

  1. Үйде кішкентай бала болса, терезелерді ашық қалдырмаңыз.
  2. Терезені тиісті қорғаумен жабдықталмаған москит торларын пайдаланбаңыз — балалар мұндай торларға сүйеніп, нәтижесінде олармен бірге құлап түседі.
  3. Балалар өздігінен терезені аша алмайтындай етіп, қауіпсіздік құлыптарын орнатыңыз.
  4. Баланы қараусыз қалдырмаңыз, әсіресе терезелер мен шыны есіктердің жанында ойнауға жол бермеңіз.
  5. Балалар терезенің алдына шыға алмайтындай, жиһаздарды оның жанына қоймаңыз.

Фото: pexels.com