9 часов назад

Қазақстанда құрылысты бақылайтын портал енгізілмек

Электронды портал құрылыстың бас-аяғын тексеруге бағытталған.

Фото "МГ" порталының мұрағатынан

Үкімет отырысында Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Қуандық Қажкенов еліміздегі құрылыс саласындағы өзгерістерге тоқталды.Ол цифрландыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды жіпке тізді. Вице-министр ел аумағында жоспарлау, жобалау және объектіні салу процесін бақылауды қамтитын бірыңғай портал құрып жатқанын атап өтті. 

Бірыңғай терезе қағидаты бойынша порталда қажетті қызметтерді алу кезінде салалық жүйелерге жіксіз көшу мүмкіндігі қамтамасыз етеді.

— Қазіргі уақытта жүйе 89 қаланың қалалық жобаларын және инженерлік инфрақұрылымның 92,4%-ын қамтиды. Қала құрылысы қызметінің ашықтығын, қала жобаларын әзірлеу мен іске асырудың сәйкестігін қамтамасыз ету мақсатында министрлік нысанның бірегей нөмірін енгізуді пысықтады. Бұл біріздендіру құжаттардың бастамадан бастап пайдалануға енгізілгенге дейінгі нысаналы мақсатқа сәйкестігін түпкілікті тексеруді қамтамасыз етеді, — деді Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Қуандық Қажкенов.

Министрлік құрылыс мониторингі шеңберінде  жасанды интеллектіні пайдаланбақ. Сондай-ақ бас жоспарлар мен егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларының іске асырылуын бақылаудан кейінгі технологияны пилоттау жөніндегі жұмысты жоспарлап отыр.