6 часов назад

БҚО әкімдігі Оңтүстік Корея делегациясымен ынтымақтастық орнатты

БҚО Оңтүстік Корея делегациясымен ынтымақтастық орнатты.

БҚО әкімдігінің фотосы

Оралға Оңтүстік Кореяның делегаттары табан тіреді. Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев Квандонг университеті жанындағы халықаралық клиниканың өкілдерімен кездесті. Делегацияны клиниканың президенті әрі бас директоры Ко Дон Хен бастап келді.

Кездесу аясында тараптар денсаулық сақтау саласындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Олар келесі бағыттарда бірлесіп жұмыс істеуге уағдаласты:

  • Медициналық тәжірибе және ақпарат алмасу;
  • Халықаралық жобаларды бірлесіп жүзеге асыру;
  • Заманауи емдеу әдістері мен технологияларын енгізу;
  • Қазақстандық медицина қызметкерлерін Оңтүстік Кореяда оқыту және біліктілігін арттыру тағылымдама, семинарлар, мастер-класстар);
  • Күрделі аурулар бойынша кәсіби консультациялар өткізу.

 Облыс әкімі Нариман Төреғалиев өз сөзінде халықаралық серіктестіктің өңірлік медицина жүйесін дамытудағы маңыздылығын атап өтіп, мұндай бастамалар тұрғындардың денсаулығын жақсартуға және медициналық қызметтердің сапасын арттыруға ықпал ететінін жеткізді.

 Тараптар ұзақ мерзімді және өзара тиімді әріптестік орнатуға дайын екендіктерін білдіріп, нақты жобалар бойынша бірлескен жұмыстарды бастауға ниет танытты.

Оралда үстел теннисіне арналған орталық салынбақ