5 часов назад

Оралда 9 адам өрттен эвакуацияланды

Оралда көпқабатты тұрғын үйде тілсіз жау тұтанды

Төтенше жағдайлар министрлігінің фотосы

Орал қаласында тілсіз жаудан тоғыз адам эвакуацияланды. Оның екеуі- бала. Бұл туралы төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады. Өрт облыс орталығында Циалковский көшесінде орналасқан бес қабатты тұрғын үйдің жертөлесінде тұтаныпты. Жеті шаршы метрде тұрғындардың жеке заттары, қоқыс пен ескі жиһаздар жанған. Құтқарушылар қызыл жалыннан зардап шеккендер жоқ деседі. Өрттің себебі анықталуда екен.