4 часа назад

Оралда сапасыз тауар сатып алған тұрғын ақшасын сот арқылы қайтарды

Оралда тұтынушы құқығын сот арқылы қорғады.

Фото "МГ" порталының мұрағатынан

Оралда сапасыз өнім сатып алған тұрғын құқығын сот арқылы қорғады. Бұл туралы Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі хабарлады. Тұтынушы шағымын арқалап №2 қалалық сотқа шағымданыпты. Ол сапасыз өнім үшін төлеген жауапкершілігі шектеулі серіктен өндіріп алу туралы өтініш берген.

—  Сот талқылауы барысында бұйымның қалыпты жұмыс істеуіне кедергі келтіретін елеулі ақаулары бар екені, жауапкер ақауларды жою немесе құрылғыны ауыстыру жөніндегі міндеттемелерді орындамағаны анықталды.Сот шешімімен талаптар толығымен қанағаттандырылды. Жауапкерден өнімге төленген ақшаны және талапкердің сот шығындарын төлеу міндеттелді,—  делінген Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметінің хабарламасында.

Облыстық сот тұтынушылардың құқығы заңмен қорғалатынын еске салады.