3 часа назад
Оралда Зачаганскі тұрғындары сусыз отыр
Зачаганск кентінің тұрғындары тіршілік нәрінен тарығып отыр.
Оралда Зачаганск кентінің тұрғындары тіршілік нәрінен тарығып отыр. Шағымданған оралдықтар редакциямызға хабарласты. Әзірбайжан көшесінде апат болған.
—Сусыз отырмыз. Дүкендерде тіршілік нәрі таусылды. Суды да бір-екі көшенің бойына әкелді. Онда ұзын-сонар кезек. Егде жастағы біздерге қиын. Суды жоғары қабатқа көтеру де оңай емес. Оның қашан беретінін ешкім айтпайды. Тіршілік нәрін бүгін бермесе суды әкелетін техниканы неге көбейтпейді? — деп тұрғындар мұңын шақты.
Қала әкімдігі Әзірбайжан көшесінде Батыс су арнасының бригадасы жұмыс істеп жатырғанын хабарлады. Түнгі екіге дейін тіршілік нәрі қосалады деп сендірді.