Оралдықтар Сарытауда жол салу сұрайды
Оралда Сарытау шағын ауданының тұрғындары көшелерге жібі түзу жол салуды сұрайды.
Орал қаласының әкімі Мұрат Байменов қала тұрғындарымен кездесуде. Осындай кездесудің бірі- Зачаганск кентіне тиесілі Сарытау шағын ауданында өтті. Сарытаулықтар шағын ауданда жол салуды сұрайды.
Гужвин көшесінің тұрғындары көктем мен күзде жүріп-тұру машақатын айтып, қиындықтарын жіпке тізді. Әкім Байменов аталмыш көшеге уақытша фрезерленген асфальт төселетінін, ал негізгі асфальттау, тротуар, арық салу үшін жобалық-сметалық құжаттама дайындалатынын жеткізді. Орал қаласы әкімдігі таратқан ақпарына сүйенсек, Сарытау шағын ауданында 25 көше бар.
Оның жетеуінде жібі түзу жол жоқ. Асфальті жоқ көшелерге кезең-кезеңмен жол салынбақ. Биыл осы шағын ауданның тоғыз көшесіне асфальт төселмек. Жол салу жұмыстары 1-2 айда аяқталатын көрінеді.
Сондай-ақ сарытаулықтарды қоғамдық көліктің қозғалысы, қосымша қоқыс контейнейлерін орнату мәселесін көтерді.