Қазақстанда 125 теміржол вокзалы қайта жаңғыртылмақ
Қайта жаңғырту жұмыстары 14 сәуірде басталды.
Елімізде 125 теміржол вокзалы жөндеу көрмек. Бұл туралы көлік министрлігі хабарлады. Қайта жаңғырту жұмыстары сәуірдің он төртінде басталыпты.
«Модернизация және реконструкция жұмыстары аясында вокзал ғимараттарын қалпына келтіру мен жөндеу, сондай-ақ, инженерлік жүйелерді жаңарту жұмыстары атқарылмақ. Жөндеу жұмыстары аяқталған соң вокзалдардың өткізу қабілеті артып, заманауи күту залдары, интернет, ақпараттық жүйелер мен арнайы сервистер пайда болады деп күтілуде», –дедікөлік вице-министрі Мақсат Қалиақпаров.
Көлік министрлігінің келтірген дерегіне сүйенсек, қазақстандықтар мен шетелдік қонақтар арасында жоғары сұранысқа ие туристік локацияларда орналасқан 21 теміржол вокзалы да жөндеу жұмыстарымен қамтылыпты. Жөндеу жұмыстары ірі шаһарлар мен елді мекендерде орналасқан вокзалдарда атқарылмақ. Шығыс Қазақстанда-бесеу, Ақмола облысында- он алты, Атырауда -тоғыз, Алматы облысында -бесеу, Ақтөбе облысында- жетеу, Абай облысында- он вокзал, Жетісуде -сегіз, Батыс Қазақстан облысында- төртеу, Қарағанды облысында -11 нысан жөндеу көрмек. Батыс Қазақстан облысында «Шыңғырлау», «Тасқала», «Қазақстан» және «Орал» вокзалының жаңғыртылмақ.