Қазақстанда АҚШ-тан келген есірткінің жолы кесілді
Қазақстанда АҚШ-та келген есірткі контрабандасының жолы кесілгені туралы бас прокуратура хабарлады.
Есірткі қылмысымен күрес — заман талабы. Жедел іздестіру іс-шарасы барысында қазақстандықтардың атнына халықаралық пошта жөнелтілімдері арқылы АҚШ-тан тұрмыстық өнім ретінде жасырылған есірткі заттары анықталды. Бұл туралы бас прокуратура хабарлады. Ведомство өкілдерінің таратқан ақпарына сүйенсек, «Қазпошта» акционерлік қоғамының кедендік бақылау аймағында Астана қаласында салмағы 1,2 килограммды құрайтын гашиш майы тәркілепті.
Сондай-ақ айыпталушының тұрғылықты мекен-жайын тінту кезінде салмағы 4,38 грамм болатын мефедрон табылыпты. Тінту жұмыстары Алматы қаласында жүргізілді. Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты айыпталушыны аса ірі мөлшерде есірткі және психотроптық заттарды контрабандаға және өткізуге кінәлі деп таныды. Сот оған 16 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.