21 июля 2017
Жедел-құтқару жасағында «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» тақырыбына арналып дөңгелек үстел өткізілді
Дөңгелек үстелге жасақтың жеке құрамымен бірге, ардагерлер, қоғамдық ұйым басшылары, заң қызметкерлері шақырылды.
Дөңгелек үстелдің басты мақсаты - жеке құрам арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы білімді жетілдіру, құқық бұзушылыққа немқұрайлық танытпау, жеке басының қамын ойлап, парақорлықтың дендеуіне септігін тигізбеуге қызметкерлердің назарын аудару, құтқару бөлімшелері басшыларының жеке оларды бақылауды арттыруды жете насихаттап, түсіндіру болды.
Дөңгелек үстел барысында БҚО ТЖ Департаментінің ардагерлер ұйымының төрағасы, департамент бастығының кеңесшісі, ҚР ІІМ-гі жүйесінің «Құрметті ардагері» атағының иегері Е.Д. Машанов, еңбек ардагері Л. Бобариколар сөйлеп, өз ойларын жеке құраммен бөлісті.
Әрине, сыбайлас жемқорлық дәрі беріп емдейтін сырқат емес. «Айналасындағы салауатты және таза ортаны шарпып,тыныс – тіршілігін, заңсыз әрекеттермен қоғамдық ортаны және мемлекеттік органдардың, ұйымдардың азаматтардың қызмет етуіне қатер төндіретін қауіпті дертті болдырмаудың тетігі- қызметкерлердің өзіне байланысты» - деп жасақ басшысы Аскар Орынбасарұлы Килишев дөңгелек үстелді қорытындылады.
Бұл дерттің алдын алып, қоғамға таралу жолдарын кесіп, оның ұлғаюына ұжым болып, қоғам болып жол бермеуіміз қажет.
- Дөңгелек үстелдің басты мақсаты - сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік атмосферасын құрып және тиісінше оның деңгейін төмендету іс-шаралар кешенін қабылдау, бұл жүйедегі негізгі буын сыбайлас жемқорлық тәуекелдерді, олардың туындауына ықпал ететін жағдайлар мен себептерді анықтап және азайту.Бұл міндеттердің ішкі істер органдарының әр қызметтерінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін, олардың таралу деңгейін бағалау нормативтік-құқықтық реттеудегі олқылықтарды және құқық қолдануда туындайтын проблемаларды анықтауға ықпал етуі сөзсіз. Осы бағытта Жедел-құтқару жасағында да өз өкілеттілігі шеңберінде жасақтың қызметтерінің басын біріктіріп, осы міндеттер тұрғысынан шығуда елеулі іс-шаралар атқарылуда.
Жоғарыда қабылданған Заң, бағдарлама шеңберіндегі талаптарды орындауда арнайы бағдарлама жасалып, орындалуы жүзеге асырылуда, - деді Батыс-Қазақстан облысының төтенше жағдай департаментінің жедел –құтқару жасағының кадр жұмысы тобының бас инспекторы Куанышева.
Арман КУРМАНАЛИЕВ