• Курсы предоставлены Национальный банк Казахстана
  • $ 491,37 ₸
  • 570,48 ₸
  • 6,78 ₸
  • Уральск

Меню

1000-ға ЖУЫҚ БАТЫСҚАЗАҚСТАНДЫҚ ӘСКЕР ҚАТАРЫНА АЛЫНБАҚ

Елімізде кезекті әскерге шақырту шарасы басталды. Биыл күзде Қазақстанның қарулы күштері қатарын 1000-ға жуық батысқазақстандық толықтырмақ. Әскерге шақырылған жастарды ардагерлер мен тума-туыстары салтанатты түрде шығарып салуда. Күзгі әскерге шақыру елімізде қазан айының басында басталған еді. Қатаң іріктеуден соң шекаралық қызметке Оралдан 30-дан астам жас әскерге аттанған. Енді тағы бір топ өз кезегін күтуде. Барлығы да дәрігерлік тексеріс мен психологиялық сынақтан өткен. Ер-азаматтарды қарулы күштерге бөлу білімі мен мамандығына сай жүруде. - Өз еркіммен Отан алдындағы борышымды өтегім к
1000-ға ЖУЫҚ БАТЫСҚАЗАҚСТАНДЫҚ ӘСКЕР ҚАТАРЫНА АЛЫНБАҚ
Елімізде кезекті әскерге шақырту шарасы басталды. Биыл күзде Қазақстанның қарулы күштері қатарын 1000-ға жуық батысқазақстандық толықтырмақ. Әскерге шақырылған жастарды ардагерлер мен тума-туыстары салтанатты түрде шығарып салуда.
priziv
priziv
Күзгі әскерге шақыру елімізде қазан айының басында басталған еді. Қатаң іріктеуден соң шекаралық қызметке Оралдан 30-дан астам жас әскерге аттанған. Енді тағы бір топ өз кезегін күтуде. Барлығы да дәрігерлік тексеріс мен психологиялық сынақтан өткен. Ер-азаматтарды қарулы күштерге бөлу білімі мен мамандығына сай жүруде. - Өз еркіммен Отан алдындағы борышымды өтегім келеді. Оңтүстік Қазақстан облысындағы әскери бөлімге кетіп бара жатырмын. Ағам барып келді әскерге. Сосын мен де оның жолын қуамын деп өзіме мақсат қойдым. Бір жыл тез өте шығады ғой деген үміттемін, - дейді әскерге шақырылушы ӘЛІШЕР САҚЫПОВ. Әскерге шақырылғандардың кезекті тобын салтанатты түрде шығарып салды. Ардагерлер жастарға ақ жол тілеп, өсиетін өнеге етті. Олар әскердегі бір жылдың тез өте шығарына сенімді. Қай аймақта қызмет ететіндерін де біледі. Көбі шақырту қағазын күтпей-ақ басқармаға өз еркімен келген. Алайда әскери қызметтен бас тартатындары да бар. - Әскерге барам деген азаматтар соншалықты көп емес. Бұның бір себебі, талаптардың жоғары болуымен түсіндіріледі деп ойлаймын. Бірақ зорлап-қинап ешкімді әскер қатарына алмаймыз. Біздің Конституциямызда жазылған «Отан алдындағы әрбір азаматтың борышы – әскерге бару» деп. Қазақ халқы – өте намысты. Осы ұлан-байтақ жерін сол намысымен, патриоттығымен қорғап келе жатыр, - дейді Орал қаласы қорғаныс істері басқармасы бастығының орынбасары РАФХАТ МӘЖИТОВ. Келешекте Отан алдындағы борышын өтеушілерге хат жазуды ұмытпасын деп қағаз-қалам үлестірілді. Осы күзде Орал қаласынан қарулы күштер қатарына 200 жас аттанбақ. Олар Қорғаныс министрлігі, Ұлттық ұлан,  шекара қызметі мен мемлекеттік күзетте борышын өтемек. Қазақстанның Қарулы Күштері — Қазақстан Республикасының әскери құрылымы әскери басқару органдарын, Қарулы Күштердiң түрлерiн, арнайы әскерлердi, тыл, әскери оқу орындары мен ғылыми мекемелердi қамтиды. Соғыс уақытында құрамына қорғаныс министрлігіне қарайтын әскер түрлерiнен басқа Iшкi iстер министрлігінiң iшкi әскерлерi, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң шекара қызметi және басқа да әскерлерi, республикалық «Ұлан», азаматтық және аумақтық қорғанысты басқару мен құру органдары кiредi. Акерке Абишева  
Главный баннер --> after article