«102» қызметіне хабарласып, операторды балағаттаған Астана қаласының тұрғыны сотталды. Бұл туралы Бас прокуратура хабарлайды.
Тұрғынды Қылмыстық кодекстің 378- бабы бірінші бөлігі бойынша жауапқа тартыпты. Ол «Билік өкіліне қызметтік міндеттерін атқару кезінде қорлау» бабы бойынша жазаға тартылды.
Сотта операторды балағаттаған тұрғын кінәсін мойындапты. Судья ер адамды 30 сағат қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жаза тағайындау туралы үкім кесті.
Сот үкімі заңды күшіне енген.