150 жыл денсаулық күзетінде
Батыс Қазақстан облыстық клиникалық ауруханасына – 150 жыл. 1867 жылы құрылған алты кереуеттік стационар бүгінде уақыт талабына сай іргелі мекемеге айналып отыр. Дәулетше Күсепқалиев, Мәжит Шомбалов, Халел Досмұхамедұлы, Нұрғали Ипмағамбетов, Есенғали Қасаболатов, Бақтығали Бисенов, Иса Қашқынбаев сынды алғашқы қазақ дәрігерлері шыққан еліміздің батыс өлкесінде денсаулық сақтау мекемелерінің тарихы да ертерек басталған. Ілкі тарих Ресей империясындағы 1867-1868 жылғы реформа бойынша тұрғындарға медициналық көмек көрсету үшін уездерде дәрігер, фельдшер және босануға көмектесетін адамдар лауа