1500 орындық концерт залы бар мәдениет сарайы салынбақ
Облыс әкімінің орынбасары Игорь Стексовтың төрағалығымен өткен жұмыс тобының кеңесінде қаланың бас жоспарына қатысты мәселелер кеңінен талқыланды. Бүгінде Орал шаһары екі бағытта кеңейуде. Зашаған кентін игеру аяқтала келді, ендігі міндет қаланың солтүстік-шығыс аумағын дамыту. Мұнда көпқабатты 27 үй салынбақ. Тиісінше халық саны артып, шағынауданда оқу-тәрбие орындарын салу міндеті туындайды. Ағылшын тілін тереңдетіп оқытатын 450 орындық мектеп пен 350 орынға лайықталған балабақша КПО б.в. компаниясының қаржысына тұрғызылады. Қазір құрылыс жүретін жер анықталып, жобалық-сметалық құжаттама әзі