45 теңгенің қарбызы бар жәрмеңке
45 теңгенің қарбызы қайда бар? 110 теңгенің жұмыртқасы ше? Сенбі күні ашылған жәрмеңке жұртшылықты арзан баға, жоғары сапасымен таңғалдырды. Биыл ауыл шаруашылығы өнімдерінің сауда-саттық шарасы бір ай бұрын ерте басталды. Көкөніс пен жеміс-жидектің бағасы түскенін жұрт тағатсыздана күтті. Енді ше? Маусымдағы салқындық пен шілдедегі шіліңгір ыстықтан саяжай мен бау-бақша бітік шықпады. Әрі бар өнім жәй алынды. Мұның әсерінен баға шарықтады. Ал жәрмеңке мұндай келеңсіздікпен күресуге сеп болады. - Таңмен орталық базарға бардым. Онда кәрістер ертемен келіп, көтерме бағамен сатады. Соның өзінде ж