Ақжайықтықтар астанада алғашқы концертін берді
Астана қаласындағы облыс күндері жалғасуда. Тамыздың 1-і күні бас қаланың төрінде біздің өнер ұжымдары алғашқы концертін берді. Бірінші болып өнер көрсету – Дәулеткерей атындағы қазақ халық аспаптар оркестріне бұйырды. Ғарифолла Құрманғалиев атындағы облыстық филармонияның өнер жүйріктері кешкі серуенге шыққан көпшілікке сырлы сазбен Жайықтың ыстық сәлемін жолдады. Астана аспанында батыстың төкпе күйі мен әсем әні қалықтады. Бұған «Бәйтерек» алаңында өтіп жатқан Дәулеткерей атындағы қазақ халық аспаптар оркестрінің концерті себепші болуда. Оркестр құрамындағы 60-қа жуық мәдениет майталманы көп